М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
12.01.2022

Филиал студенті – «БАЗИС» қорының стипендиаты


Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының «Математика» бағытының 4-курс студенті Әлішер Айқын ММУ механика-математика факультетінің «БАЗИС» теориялық физика мен математиканы дамыту қорынан берілетін стипендиясын иеленді.




«БАЗИС» қоры 2016 жылы Ресейдегі іргелі физика мен математиканы қолдау мақсатында құрылған. Қордың бағдарламалары Ресейдегі теориялық физика және математикаға жүйелі және кешенді қолдау көрсетуге, ресейлік ғалымдар мен оқытушылар қауымдастығының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, осы саладағы ғылыми қызмет пен білім беру жүйесі арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.


Қордың бағдарламаларының бірі Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің жоғары курс студенттерінің стипендиясына арналған конкурс болып табылады. Байқаудың мақсаттары білімі жоғары студенттерді ғылыми жұмысқа баулу және жоғары курс студенттерінің оқуға, зерттеуге және дипомдық жұмысын/диссертацияны дайындауға деген құлшынысын оятып, ықыласын аудару болып саналады.


Байқаудың 2021 жылғы жеңімпаздарының толық тізімін мына сілтемеден ала аласыз – https://math.msu.ru/node/1714.


Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының ұжымы Әлішер Айқынды құттықтай отырып, оған кәсіби, ғылыми және шығармашылық табыстар тілейді!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.