М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
24.02.2022

Филиал студенттері «Отан неден басталады...» атты онлайн достық фестивалінің жеңімпаздары атанды.


2022 жылғы 18 қаңтарда «Филология» бағытының 1 курс студенттері М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Дарынды жастармен жұмыс басқармасы филология факультетінің жаратылыстану факультеттерінің шетел студенттеріне арналған орыс тілі кафедрасы базасында ұйымдастырған «Отан неден басталады...» атты XI онлайн достық фестиваліне қатысты.




Фестивальге әртүрлі елдерден орыс тілін шет тілі немесе ана тілі ретінде оқитын студенттер, магистранттар, аспиранттар, интерндер және мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар өздерінің туған жері туралы әңгімелеп, одан кейін белгілі авторлардың шығармаларын немесе өздері шығарған өлеңдер мен әндерді орындаған бейнероликтер әзірлеп салып жіберген болатын.




Фестивальдің есеп беру концерті Zoom платформасында ұйымдастырылып, онда жеңімпаздар өнер көрсеткен еді. Ашылу салтанатында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің проректоры – Дарынды жастармен жұмыс басқармасының меңгерушісі Кортава Татьяна Владимировна Фестиваль қатысушыларын құттықтап сөз сөйледі:


«Құрметті орыс тілінің достары, біздің қымбатты адал жолдастарымыз, серіктестер! Биылғы фестиваль «Отан неден басталады...» деп аталады. Оған 44 елдің, 46 университеті мен 9 мектебінің өкілдері қатысуда...». Қазақстаннан қатысқан жеңімпаздардың бірі – Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің «Филология» бағытының 1 курс студенті Малика Алтай. Ол өзінің туған қаласы – Алматыға арнап шығарған өз өлеңін оқыды. Студент бұл өлеңін Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыдағы «Ленфильм» киностудиясын эвакуациялау тақырыбына арнаған еді.




Ихсанова Алина (Ф-11) Фестиваль лауреатының дипломына ие болса, фестивальге қатысушылардың дипломдарын Ануарбекова Мариям мен Жұмалина Амина (Ф-11) алды. Олар қазіргі қазақстандық ақындардың өлеңдерін оқыған болатын.


Дипломом лауреата Фестиваля была награждена студентка Ихсанова Алина (Ф-11), дипломы участников Фестиваля получили Ануарбекова Мариям и Жумалина Амина (Ф-11), которые прочитали стихи современных казахстанских поэтов.






Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта оларға мол шығармашылық табыс тілейміз!

[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.