2022 жылғы 20 ақпанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында қашықтық форматта Ашық есік күні болып өтті. Іс-шараның қонақтары Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Петропавл, Қостанай, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан қатысқан талапкерлер болды.
Ашық есік күні ақпанның шуақты күні – көктем мен наурыз мерекелері қарсаңында өтті. Біраз уақыттан соң талапкерлер өз алдыранда тұрған күрделі міндетті шешуі тиіс. Олар мектепті аяқтаған соң қайда оқу орнында білімін жалғастыруды ойланып таңдауы керек. Осы ретте Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы жоғары сынып оқушыларын, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын демалыс күнінің жайма-шуақ жағдайында өтетін университетпен танысу күніне шақырады.
Кездесуді Филиалдың директоры, профессор А.В. Сидорович құттықтау сөзімен ашып, талапкерлерге Мәскеу университетіне келудің дұрыс шешім екенін атап өтті. А.В. Сидорович Филиалда берілетін білімнің артықшылықтары жөнінде, бакалаврлар мен магистрлерді даярлау бағыттары туралы, қабылдау науқанынының ерекшеліктері, дайындық бағдарламалары және қабылдау емтихандары туралы, Филиалдағы оқу тәртібінің өзіндік ерекшеліктері, оның ішінде сапалы ұйымдастырылған күндізгі-қашықтықтан оқу түрлері туралы және Филиалдың түлектері үшін алдарына ашылатын жақсы жолдары туралы кең арнада баяндап айтып берді.
Кездесудің барысы Мәскеу университетінің өкілдерінің сөзмен жалғасты. Олар бакалавриаттың «Математика», «Қолданбалы математика және информатика», «Филология», «Экология және табиғатты пайдалану», «Экономика» деп аталатын бес бағытының –– және бірнеше магистрлік бағдарламалар – «Математика және талдаудың компьютерлік әдістері», «Математикалық модельдеу», «Шетелдік аудиториядағы орыс тілі», «Медиалингвистика», «Табиғатты пайдалануды басқару», «Қаржылық талдау», «Ұлттық экономика», «Аймақтық даму экономикасы» бағыттарының әрқайсысы бойынша білім беру ерекшеліктеріне тоқталып, өзіндік ерекшеліктерін айтып берді.
ММУ-деге өз факультеттері мен көптеген кафедралары туралы М.П. Заплетин – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті, С.В. Богомолов – физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ профессоры; Волошина О.А. – филология ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті; В.Р. Битюкова – ММУ география факультеті деканының орынбасары, ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор; В.А. Зубенко – Филиал директорының орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті айтып берді.
М.П. Заплетин ММУ-дің механика-математика факультетінің құрылымы мен ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
С.В. Богомолов қонақтардың назарын ММУ-дің әлемдік рейтингтердегі жоғары орында тұрғанына аударып, есептеу математикасы және кибернетика факультетінің математика факультетінен айырмашылығын, қазіргі технократиялық қоғам мен дамыған компьютерлік индустрияның қажеттіліктеріне қаншалықты жауап бере алатынын туралы айтты. Ол факультет түлектері цифрлық экономиканың қалыптасуын, ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, уақыт талабына байланысты күрделі мәселелерді шешуде деп атап көрсетті.
О.А. Волошина: «Біз филологтерді – орыс тілі мен әдебиеті мамандарын дайындаймыз. Студенттеріміз көне және қазіргі тілдерді, ең алдымен орыс тілін меңгереді, орыс және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқиды, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдауға үйренеді. Факультет түлектері гуманитарлық салада үлкен сұранысқа ие, ММУ-ге оқуға түсіңіздер, біз сізді күтеміз!». – деді.
В.Р. Битюкова «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша білім алу процесінің жүйесі мен құрылымы туралы, студенттердің қандай білім мен дағдыларды меңгеретінін және оларды қандай салаларда қолданатыны жөнінде мол мағлұмат берді.
«Экономика біздің бүкіл қоғамымызды барлық саласының тіні болып табылады, оны әр адам өзінің күнделікті өмірінде сезініп отыратыны белгілі. Экономика жаһандық қаржылық орта қалай жұмыс істейтіні туралы ғылым саласы болып табылады. Экономика адам өмірін қамтамасыз етудің және табиғи ресурстарды сақтаудың ұтымды жолдарын іздейді, соынмен бірге қоғам мен мемлекеті дамудың биік деңгейіне жеткізетін маңызды басқару шешімдерін тиімді әзірлеуге басшылы етеді. Мәскеу университеті мен оның Қазақстандағы филиалы экономика бойынша сапалы білім береді және елдің болашақ элитасын дайындайды. Біздің Филиалға оқуға түскендер дұрыс таңдау жасайды!». – деді В.А. Зубенко.
А.В. Сидорович кездесуге келген талапкерлердің сұрақтарына жауап берiп, оларды толғандырған бiрқатар мәселелердiің жайын түсiндiрдi.
Осыдан соң кездесуге келген қонақтар виртуалды кабинеттерге тарап, ММУ Қазақстан филиалы мен Мәскеу университетінің оқытушыларымен жақынырақ танысуға, олардан түрлі бағыттағы білім берудің ерекшеліктері туралы сұрақтарына жауап алуға мүмкіндіктер алды.
Ашық есік күнінің соңында кездесуге қатысушылар «Талапкер» орталығының өкілдерімен кездесіп, түрлі анықтамалар алды, атап айтқанда, талапкерлерге арналған дайындық курстарының сабақтарын жүргізушілер ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары М.А. Брянская және А.Б. Мұқанов өткен жылғы қабылдау сынақтарында ұсынылған математика және орыс тілі пәндері тапсырмалары бойынша түсініктеме берді. Филиал мұғалімдерінің кәсіптік бағдар беру аясындағы шеберлік сабақтары емтихан тапсырмаларының ерекшеліктерін түсіндіріп, мектеп оқушыларының нәтижелі дайындалуына мүмкіндік береді.
Қонақтарды шығарып сала отырып, Филиал олармен қоштаспайды, өйткені Мәскеу университетінің тату отбасының мүшесі болатын талапкерлермен жаңа кездесуді күтеді.