«Филология» бағытындағы «Медиалингвистика» магистратура бағдарламасы бойынша 2 курста білім алып жатқан магистранты Зарина Құсанова Бейжің қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарында «Хабар» телеарнасында комментатор болып қатысып келді.
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттары ынтамен білім ала жүріп, мансаптық өсу жолдарын табуға да барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Олардың көпшілігі білім алу барысында мамандығы бойынша жұмыс істей бастайды, сөйтіп, теориялық білімін іс жүзінде шыңдайды.
«Филология» бағытындағы «Медиалингвистика» магистратура бағдарламасы бойынша 2 курс магистранты Зарина Құсанова оқумен бірге бір жылға жуық уақыттан бері «Хабар» телеарнасының спорт редакциясында қызмет етіп келеді. Зарина 2022 жылғы ақпанның 4 мен 20 аралығында өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарына барып, сонда жұмыс істеу құрметіне ие болды. Тәжірибелі журналистер, комментаторлар, продюсерлер, режиссерлермен бірге магистрантымыз Зарина да Олимпиаданың бірінші күнінен соңғы күніне дейін ақпарат жеткізіп қызмет атқарды.
Заринаның өзі атап өткендей, кездескен көптеген кедергілерге, жаһандық пандемияға, тіпті тілдік кедергіге қарамастан, оның мансабындағы алғашқы Қысқы Олимпиада ойындары өте жақсы өтті. Ол өзінің редакторлық жұмысын мақтан тұтады. Оның қаламынан күн сайын үлкен мәтіндер туындап, оның арты қызықты телехикаялар мен спорт шолуларына айналып жатты. Зарина комментатор ретінде де дебют жасап көрді. Ол «Хабар» арнасының тарихында тікелей эфирде хоккей туралы пікір білдірген алғашқы қыз болды. Біздің магистрантымыз Зарина АҚШ, Канада, Чехия, Финляндия ұлттық құрамаларының хабарларында жұмыс істеді. Ол қазақстандық спорт әлеміндегі көптеген көрнекті тұлғалармен және басқа елдердің журналистерімен танысты. Заринаның айтуынша, ММУ Қазақстан филиалының басшылығы оның шешімін қолдап, жағдай жасамаса, бұл Олимпиада ол үшін «болмас та еді». Өз бітірген, қазір қайтадан білімін жалғастырып жатқан университетінің қолдауы оның Олимпиадада спорт журналисі болу арманы орындалуына тікелей көмектесті.
Фото: www.altyn-orda.kz/