М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
28.03.2022

Отырыс Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Н.М. Әбдірова астаналық жастармен




 

2022 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ғимаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы ОСК Төрағасы Н.М. Әбдіров Нұр-Сұлтан қаласының жастарымен сайлау мәселелері туралы кездесу өткізді. Жиынға жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. ММУ Қазақстан филиалы атынан Студенттік кеңес мүшелері Д.Жакупова, А.Сүлейменов, А.Кульджанов, Д.Бекжанов қатысты.




Кездесу Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін реформалаудың өзекті мәселелеріне арналды. Ашық сұхбат үстінде қатысушылар қазақстандық қоғамды демократияландыру үдерісі мен сайлау мәдениетін жаңғырту мәселелерін талқылады. Филиал студенттері әңгімеге белсене қатысты, баяндамашыға жастар мәслихатына кандидаттарды іріктеу тетігінің жұмысы жөнінде (А. Сүлейменов), облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды енгізу перспективалары туралы (А. Құлжанов) сұрақтар қойды. Талқылаудан соң сайлау жүйесіне потенциалды жаңашылдықтар енгізудің халық үшін өзектілігі туралы әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға жиналысқа қатысушылардың барлығы жауап берді. Одан соң елордалық жастар электоратының көңіл қалауын көрсететін сауалнама нәтижелері экранда көрсетілді.




Іс-шараның аяғында Н.М. Әбдіров қатысушыларға осындай мәнді әңгімеге қатысқаны үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізуге ниетті екенін білдірді. ОСК төрағасының айтуынша, осындай кездесулер Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің жұмыс істеуінің маңызды мәселелері бойынша ертеңгі елдің тізгін ұстар азаматттары болатын жастардың пікірін «естуге» мүмкіндік береді.


Фото: Instagram ММ «Жастар саясаты мәселелері басқармасы»



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.