11.04.2022

Филиал магистранттары «Sputnik» ақпарат агенттігінің шеберлік сыныбына қатысты


2022 жылғы 14 наурызда «Филология» бағыты бойынша («Медиалингвистика» магистрлік бағдарламасы) 1 курс магистранттары оқытушы Д.А. Бисембина жетекшілігімен «Sputnik» Халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырған шеберлік сыныбына қатысты.




«Sputnik» дегеніміз – әлемдік медиа нарығында өз жұмысын 2014 жылы бастаған желілік ақпарат агенттігі мен ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабтары бар радиосы. Агенттіктің құрамында түрлі тілдегі сайттар, аналогтық және цифрлық хабар тарату, мобильді қосымшалар және әлеуметтік желілердегі парақтар кіреді. Осылайша, балама жаңалықтар мазмұнын жеткізетін және радио хабарын таратушы ретінде ерекше орын алады.




«Sputnik» ХАА бас редакторы Динара Досмұхаметова интернеттегі БАҚ функциясы бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Спикер желілік басылым жұмысының негізгі факторлары туралы, мазмұны қалай құрылуы керектігі туралы нақты айтып берді. Ол өз сөзінде эксклюзивті материалдар желідегі басылымға сілтеме жасауға қалай әсер ететіні, сайтты мониторингілеу үшін қандай құралды қолдану керектігі және интернет-басылымның танымалдық көрсеткіші ретіндегі трафик туралы айтты. Одан кейін Д.Досмұхаметова «Sputnik Казахстан» ІІМ жұмысының үлгісін ала отырып, басылымның табысты жұмыс істеу ерекшеліктерін, мысалы, «басылатын» тақырыптарды құру, Интернетте трендті тақырыптарды жариялау және сауатты жарнамалау сияқты ерекшеліктерді көрсетті.


Спикер шеберлік сыныбының соңында қатысушыларға оқуларын сәтті аяқтауларына тілектестік білдіріп, болашақ мансабының бастамасы ретінде интернет-журналистикаға мән беруге, терең көңіл бөлуге кеңес берді.