14.04.2022

А.В. Сидорович Қазақстан Республикасындағы РФ Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкинмен кездесті





2022 жылғы 13 сәуірде Филиал директоры, профессор Александр Владимирович Сидорович Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Николаевич Бородавкинмен кездесті. Кездесу барысында А.В. Сидорович Елшіге Филиалдың жаңа ғимаратын дайындау және көшіру жұмыстарының жай-күйі туралы мәлімдеді. Филиал студенттерінің Мәскеуде ММУ факультеттерінде қосылған білім беру бойынша оқулары жөнінде айтып берді. Сонымен бірге Филиалда өткізілетін «Ломоносов-2022» студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы туралы хабарлады.