М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
25.04.2022

«Ломоносов – 2022» Халықаралық жастар ғылыми форумының салтанатты жабылуы


2022 жылғы 22 сәуірде ММУ Іргелі кітапханасында – Зияткерлік орталықтың Жасыл залында «Ломоносов-2022» Халықаралық жастар ғылыми форумының жабылу салтанаты болып өтті


«Ломоносов-2022» форумының жабылу салтанатына қатысушылар қатарында форумның 80 жеңімпазы, ММУ 6 филиалы студенттерінің өкілдері, Шэньчжэн қаласындағы ресейлік-қытайлық ММУ-ППИ студент жастарының өкілдері, «Вернадский» ғылыми-білімдік консорциумының 9 аймақтық алаңы болған еді.




«Ломоносов-2022» форумының жабылу салтанаты ММУ Ректоры, академик Виктор Антонович Садовничийдің кіріспе сөзімен басталды. Ректор осы іс-шараны «Ресейдегі, сонымен қатар Еуропадағы және бүкіл әлемдегі жас студенттер үшін айтулы оқиға», – деп бағалады.




Виктор Антонович Садовничий атап өткендей: «Бүгінгі таңда, ғылыми-зерттеу және технология саласында серпіліс жасайтын кадрларды даярлау арқылы жастарды ғылымға тарту ерекше маңызды. Жыл сайын тасқындап жасалынып жатқан ересен ғылыми ақпараттар қазынасын адамзаттың пайдасына кәдеге жарату жолын табу жас ғалымдар легіне байланысты. Солар арқылы осы ғасырдың өзінде әлемді жаңа деңгейде танытатын жаңалықтар ашылады. «Ломоносов» форумының ерекше, өйткені әр жас студентке өзінің алғашқы ғылыми баяндамасын жасауға мүмкіндік бере отырып, ғылыми өмірінде үзбей жалғасатын саналы сезімдер мен әсерлер алуына мүмкіндік беріледі. Солай етіп, өзінің жеке басының шежіресінің негізін қалауына, ғылыми әлемдегі өзінің жаңа тарихының басталуына мүмкіндік беретін, алдағы уақытта оның ғалым-зерттеуші, мұғалім, бизнесмен болуына мүмкіндік беретін жол ашылады. Жас ғалымдарға сіз ашқан жаңалық бұл әлемнің тұтастығын толтыратындай маңызды болсын, әрдайым бұрынғы белгіліден гөрі сіздердің білетіндеріңіз мол болсын деген тілек білдіремін», – деді академик В.А. Садовничий.




«Ломоносов – 2022» Халықаралық жастар ғылыми форумын қорытындылау рәсіміне Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім Министрі Валерий Николаевич Фальков қатысты.


Форумның жүлдегерлері мен қатысушыларына арнаған сөзінде Министр жастар үшін бүгінгі таңда үлкен мүмкіндіктер ашылып отырғанын атап өтті. «Экономикамыз бен әлеуметтік саламыз қазір жаңа ғылыми шешімдер мен технологиялық әзірлемелерге аса зәру». Сонымен бірге, Министр студенттік ғылыми қоғамдардың қызметін қолдау шараларын кеңейту туралы айтып, «Студенттік ғылыми қоғамдастық үшін мұндай мүмкіндіктер бұрын-соңды ұсынылмаған. Және бұл, әрине, жастардың ғылыми-зерттеу қызметін қолдау үшін негізделген және қажетті қадам»,– екенін атап өтті.




Мәскеу университетінің шетелдік филиалдары атынан «Ломоносов-2022» форумының жабылу салтанатында ММУ Қазақстан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, Мәскеу университетінің еңбек сіңірген профессоры Александр Владимирович Сидорович сөз сөйледі.


Профессор Сидорович А.В. өз сөзінде «Ломоносов» Форумының шығармашыл жастар мен жас зерттеушілер өміріндегі көрнекті оқиға екенін, бұл жақсы шараның тек Ресейде ғана емес, басқа елдерде де орын алып отырғанын және ерекше маңызды екенін атап өтті. Александр Владимирович Сидорович Мәскеу университетінің шетелдік филиалдарында «Ломоносов» ғылыми форумын өткізудің арқасында жаңа біріктіруші қоғамдық күш қалыптасып жатқанын баса айтты. Бүгінгі «Ломоносов форумы» – Еуразиялық жастар форумы. ММУ ректоры Виктор Антонович Садовничийдің болашақ пен өзара ынтымақтастық жолында түрлі елдердің жастарын біріктіретін орынға айналған «Ломоносов форумын дәстүр етіп қалыптастырудағы жеке рөлін А.В. Сидорович ерекше атап өтті


ММУ Қазақстан филиалының директоры «Ломоносов» халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан филиалында өткен «Ломоносов» атты халықаралық ғылыми конференцияның 17 жыл қатарынан өтіп келе жатқанын, оған 6000-нан астам жас зерттеушілер қатысқаны туралы айтты.


Сөзінің соңында А.В. Сидорович «Бізде Ресей мен Қазақстанның талантты жастарының бірлігін танытатын мереке болып өтті. Форум саяси маңызды оқиғаға айналды. Нәтижесінде, конференцияға қатысушылар ҚР Президенті Әкімшілігіне Филиалдың және жас ғалымдардың Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде тұрған мәселелерді шешуге қосатын үлесін арттыру туралы ұсыныстарын жолдады», – деп атап өтті.


«Ломоносов» форумның жабылу салтанатының соңы «Ломоносов-2022» халықаралық жастар ғылыми форумының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды. Мәскеу университетінің ректоры академик В.А. Садовничий және Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрі В.Н. Фальков жеңімпаздарға дипломдар табыс етті.



Фото: Мәскеу университетінің сайты


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.