2022 жылғы 26 сәуірде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Тіл. Мәдениет. Сана» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция жас ғалымдардың 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру жобасы аясында өтті.
Конференцияға қатысушылар – қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар мен докторанттар, мектептегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері мен әдіскерлер – жас ұрпақтың тілдік құзыреттіліктері, мәдени ұғымдары және санасы қалыптасуы барысында әсер ететін бүгінгі күннің өзекті мәселелерді талқылады.
Пленарлық мәжілісте «П.П.Семенов-Тян-Шанский атындағы Халықаралық гуманитарлық университеті» ЖОО ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор М.В. Пименова (Санкт-Петербург, Ресей), филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Н.Ж.Шаймерденов (Алматы), филология ғылымдарының кандидаты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының филология кафедрасының доценті А.Р. Сулкарнаева (Нұр-Сұлтан), филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Югор мемлекеттік университетінің аспирантура және докторантура бөлімінің меңгерушісі И.П. Савчук (Ханты-Мансийск, Ресей) баяндама жасады.
А.Р. Сулкарнаева Пленарлық мәжілісте «Қазақстандық бастауыш және орта мектептерде ағылшын тілін үйрену» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасында ол әлеуметтік лингвистикалық зерттеу нәтижелерін ұсынып, мемлекеттік мектептің бастауыш және орта білім беру деңгейлерінде ағылшын тілін оқытудың негізгі мәселелері мен міндеттеріне талдау жасады. Баяндама мазмұны бойынша конференцияға қатысушылар арасында қызу ой алмасу, пікірталас болды.