10.05.2022

Филиал студенттері ММУ-де өткен «Ломоносов-2022» халықаралық ғылыми форумына сәтті қатысып, өз білімдерін көрсетті


2022 жылғы 11-22 сәуір аралығында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де «Ломоносов-2022» студенттер, аспиранттар мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Жастардың ғылыми әлемі үшін маңызы зор осынау іс-шараға біздің студенттер қатысып, өздерінің ғылыми жетістіктерін көрсетті.


«Математика» бағытының 4 курс студенті Әлішер Айқын «Үшөлшемді жалаулы көпқырлылардың үстіндегі шағын қаптамалар конструкциясы» тақырыбында «Математика және механика» секциясында баяндама жасады. Оның зерттеуі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, үздік баяндамалардың бірі ретінде дипломмен марапатталды.




«Филология» бағытының 4 курс студенттері Игорь Иванов пен Алиса Кукина «Филология» секциясының «Орыс әдебиетінің тарихы» кіші секциясының жұмысына қатысты. А.Кукинаның «А.Макаров-Кротковтың «Дезертир» поэтикалық кітабындағы тақырыптың функциясы» және И.Ивановтың «Протоиерей Аввакумның «Сөйлесу кітабындағы» претериттердің функциялары» атты баяндамалары М.В.Ломоносов атындағы ММУ филология факультетінің «Стефанос» атты рецензияланатын көптілді ғылыми журналында жариялауға ұсынылды.


«Экономика» бағытының 4 курс студенті Айсұлу Халиева «Экономика» секциясының «Заманауи экономиканың әдіснамалық мәселелері» атты кіші секциясында «Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыруды жетілдіру: әдіснама және тәжірибе» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама жоғары бағаланып, 3 орын берілді және Дипломмен марапатталды.




«Экономика» бағытының 1 курс студенті Аян Құлжановтың конференцияның тарихи-экономикалық кіші секциясында жасаған баяндамасы алғашқы сәтті ғылыми қадамы болды. А. Құлжановтың «(1918-1939 жж.) Соғыс аралық кезеңіндегі герман экономикасының монополиялануы» баяндамасына қазылар алқасы жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде дайындағаны үшін оң баға берді.




Біз студенттерімізді құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктер мен шығармашылық жеңістер тілейміз!