2022 жылдың 16 сәуірінде «Филология» мамандығының 1 курс магистранттары («Медиалингвистика» магистрлік бағдарламасы) Қазақстандағы «БҰҰ Әйелдер ұйымының» коммуникациялар және адвокация бойынша талдаушы Динара Құсайынмен кездесті
Д. Құсайын магистранттарға «БҰҰ Әйелдер ұйымының» Қазақстандағы жұмысы туралы теориялық, статистикалық, ресурстық және анықтамалық материалдармен, түрлі басылымдармен, жинақтармен және оқу құралдарымен таныстырды. Спикер таныстырған материалдардың басым бөлігі ММУ Қазақстан филиалының кітапханасына сыйға тартылды және енді студенттер мен оқытушылардың барлығы үшін қолжетімді.