Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында 2022 жылғы 5 мамырда ММУ Қазақстан филиалында салтанатты іс-шара өтті, оған студенттер, оқытушылар және қызметкерлер қатысты.
Салтанатты іс-шараны М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ еңбек сіңірген профессоры, экономика ғылымдарының докторы Александр Владимирович Сидорович кіріспе сөзбен ашты. Ол өз сөзінде: «Бұл күн ерекше. «Көзге жас ала отырып» мерекелейтін күн. Бұл жыр жолдарынан екі нәрсенің ерекше қосындысын көреміз, олар: көз жасы мен Жеңіс қуанышы. Сонау үлкен сынақ болған жылдар халқымызды майдан даласында біріктірген болатын. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық халықтары мен ұлыстары – орыстар мен қазақтар, өзбектер мен украиндар, белорустар мен түрікмендер - бірге шайқасты», – деп атап өтті А.В. Сидорович өз сөзінде.
Соғыс әрбір отбасы үшін қасірет болғаны белгілі. Ұлы Отан соғысының жеңіс сыйлаған күніне тағзым ете отырып, студенттер сол күн туралы өлеңдер оқып, ән шырқады.
Соғыс, оның сұрапыл зардаптары, соғысты жою мен бейбіт өмір, бостандық орнату жолында қарапайым халықтың жасаған көзсіз ерліктері филология мамандығының 1 курс студенті Диана Костишинаны «Хрустальный звон огней…» атты өзінің жыр жолдарын шығаруға шабыт берген еді.
Соғыстағы Қазақ қызының ерлігін жырлаған «Математика» бағытының 1 курс студенті Аружан Бисембай Кеңес Одағының Батыры қазақ халқының мерген қызы Әлия Молдағұлова туралы әйгілі «Әлия» музыкалық композициясын орындады. Соғыстың ең қиын кезеңдерінде сарбаздарға жақсы көңіл-күй мен жақсылыққа деген сенімін сақтауға көмектескен «Катюша» әні экономика мамандығының 1-курс студенттерінің орындауында өте қызықты болды. Ал «Филология» бағытының 2 курс студенті Арыстан Ықсановтың орындауында соғыс жылдарындағы әйгілі «Темная ночь» әніне көрермендердің барлығы қосылып, тұтас зал орындады десе болады.
Батырлардың бізге бейбіт өмір мен төбеміздегі нұрлы аспан сыйлаған Жеңіс күнінің символындай болған әсерлі әскери әндер «Берегиня» ансамблінің орындауында ерекше болды.
2020 жылы ММУ Қазақстан филиалында «Соғысты еске алу кітабы» құрастырылып, оған студенттер мен магистранттардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жақындарының ерліктері туралы эсселері енгізілген болатын. Аталған кітаптың әр парағы – адам ерлігі үшін мақтаныш пен таңданыс, көрген қиындық пен азап, алдағы өмірге деген үміт пен күткен бақытқа толы жолдар. Соғысты көрген әр адамның өмірлік тәжірибесі өте құнды және олардың әрқайсысы бүкіләлемдік тарихтың бір бөлігі болып қалады. Осындай ой ММУ Қазақстан филиалында шығарылған «Соғыс туралы естелік кітабының» арқауы болған еді. Биыл да кітапты шығару жалғасын тауып, университетіміздің игі дәстүріне айналуы мүмкін.
Мерекелік іс-шара барысында осы «Естелік кітабының» кейбір парақтарынан алынған естеліктер оқылып, тыңдаған адамдарға бір сәт қиындық дәуірін басынан кешкен адамның даусын естігендей мүмкіндік берді. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен осынау әңгімелер арқылы өткен күн, жеке оқиғалар, ерлік, сезім мен үміт жадыда өмір сүретін болады.
Ақын Расул Ғамзатовтың «Нас двадцать миллионов. От неизвестных и до знаменитых...» атты өлеңін «Филология» бағытының 1 курс студенті Карина Сүлейманова әсерлі етіп орындады. Көрермендер мен қатысушылар соғыстан оралмағандарды еске ауы үшін «Бір минут үнсіздік» жарияланды.
Сонау соғыстың қаншама қиындықтары мен ауыртпалығына қарамастан, қорқынышқа, аштыққа, өлімге тайсалмай қарсы тұрған адамдар бір күні қалай да жарқын Жеңіс күні келетініне, бар күшімен сол күннің жақындауына барын салған, бейбіт күнді ұрпақтарына сыйлаған Жеңіс күнінің келетініне адамдарда шынайылықпен сенген еді!
Аталған концерт сөзі осындай пафоста, барлығына таныс «День Победы» әнін орындаумен аяқталды. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды»!
Фото: Зиядин А. (Фотогалерея)