26.05.2022

ММУ Қазақстан филиалында «Түлек-2022» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті


2022 жылдың 20 мамырында барлық оқу бағыттарының бакалавриат және магистранттары үшін қашықтан-күндізгі форматта жыл сайынғы «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» болып өтті.




2022 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы математика, жүйелік бағдарламалау, экономика, филология және экология бойынша іргелі білім алған бакалавриат пен магистратураның жоғары білікті 136 маманын дайындап шығарады.


Сидорович А.В.


ММУ Қазақстан филиалының директоры профессор А.В. Сидорович құттықтау сөзінде Филиал Қазақстанның экономикасы мен ғылымының заманауи қажеттіліктеріне сай келетін жоғары білікті мамандар дайындайтынын атап өтті. Әлеуетті жұмыс берушілерге студенттерге бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат алуға және өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Александр Владимирович түлектерге оқуын ойдағыдай аяқтап, өздері қалаған жақсы жұмыс орнын таңдауды тіледі.



Жәрмеңкенің жалпы бөлімінде сондай-ақ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Р.С. Төлебаев құттықтау сөз сөйлеп, Қордың жұмысы және Қазақстан филиалының түлектері үшін мүмкін болатын бос жұмыс орындары туралы айтып, оларды сұхбаттасуға шақырды. Келесі сөз кезегін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қ.С. Бейсенғазин, кадрлық саясатының ерекшеліктері мен жұмысқа қабылдау шарттарын түсіндірді.



«Жәрмеңкенің» жалпы бөлімі аяқталғаннан кейін дайындық бағыттарына сәйкес кездесулер өткізілді.

«Экономика» бағыты бойынша филиалдың түлектерімен кездесуге Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, «Қазақстандық индустрия және экспорттың QazIndustry орталығы» АҚ, «Қолданбалы этносаяси зерттеу институты» ЖШС өкілдері қатысты.

«Түлек»-2022» Бос орындар жәрмеңкес жұмысында «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттары бойынша филиалдың түлектерімен кездесуге «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҰ, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласындағы Физика-математика бағытындағы НЗМ, РФМС ҰАҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы, «ArtaSoftware» ЖШС өкілдері қатысты.

 



«Филология» бағыты бойынша кездесуге Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Экономикалық лицейдің өкілдері қатысты. Көптеген жұмыс берушілер жыл сайын Қазақстан филиалының түлектерін жұмысқа алатынын және олар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін дәйекті түрде көрсетіп келе жатқан атап өтті.




Әсіресе, «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша жұмыс берушілермен кездесу белсенді өтті. «ЭКОС» ЖШС, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемлекеттік кадастр» РМК, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК өкілдері. Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің География және су қауіпсіздігі институты, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ өкілдері қонақ ретінде кездесуге қатысты. Баяндамашылар болашақ экология мамандарын дайындаудың маңыздылығына кеңінен тоқталып, олардың өмір жолы мен жұмыс орнын табуда алдағы уақытта да табыстарға жетуіне тілектестік білдірді. Бір айта кетерлігі, баяндамашылар арасында экология және табиғатты пайдалану бағытының түлектері Дамир Әуетаев, Ботагөз Ибраева, Шыңғыс Әукенов болды.




24 мамырда Дамир Әуетаев филиалға тағы да келіп, экология және табиғатты пайдалану кафедрасына Конрад Аденуэр қорының Қазақстандағы Өкілеттігінің қолдауымен, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының қолдауымен дайындалған «Қазақстанның экологиялық саясаты: негіздері мен перспективасы» атты экологиялық нұсқаулықтың 25 данасын салтанатты түрде табыс етті. Кафедра оқытушылары студенттердің экологиялық сауаттылығын қалыптастыруға көмектесетін оқу-тәрбие үрдісінде пайдасын тигізетін оқу-әдістемелік құралдар үшін үлкен алғыстарын білдірді.




Өткізілген «Түлек-2022» Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ММУ Қазақстан филиалының түлектеріне Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы сұраныс жоғары екенін көрсетіп, көптеген бакалаврлар мен магистрлерге болашақ жұмысы туралы шешім қабылдауға мүмкіндік берді.