07.06.2022

Әcемдік ұлық болуы керек...



М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасы Бірыңғай Орыс тілі күнін және Пушкиннің туған күнін атап өтті.


2022 жылғы 6 маусымда орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 223 жыл толуына орай. Есу арнасындағы ескерткіш жанында ақын шығармашылығын сүюшілердің дәстүрлі кездесуі өтті.




Александр Сергеевич Пушкиннің туған күнін тойлаудың жыл сайын өтілетін осынау дәстүрі ұлы ақынды, оның таңғажайып тағдырын, қайталанбас поэзиясын тағы бір рет еске алуға мүмкіндік берді. Александр Сергеевичтің әдеби шығармашылығы өмір бойы бізбен сапарлас жүреді. Оның шығармалары барлық жастағы, түрлі діндердегі, әр түрлі ұлт адамдарының басын біріктіріп, әлемнің ондаған тілдеріне аударылып келеді. Ұлы ақынды қазіргі орыс әдеби тілінің негізін салушы деп жиі айтады. Шығармаларының аудармасы қаншалықты қиын болса да, ақынның өлеңдері жер шарының түкпір-түкпіріндегі оқырмандарын тәнті етіп келеді. Біз оқуды үйренбей тұрып-ақ оның ертегілерімен танысамыз; біз оның көптеген шығармаларын мектеп қабырғасынан жатқа білеміз, тіпті күнделікті өмірде де оның өлеңдерінен жиі үзінді келтіреміз. Жыл мезгілдерін Пушкиннің «Аяз бен күн! Керемет күн!» деп немесе «Қоңыр уақыт, көз қуанышы...».




Іс-шара барысында 1 курс магистранттары ұлы орыс ақын поэзиясының маржандарын оқыды. Сөз сөйлегендер қатарында Филиал студенттері ғана емес, сонымен қатар Александр Сергеевич Пушкин шығармашылығына бас иген жас өркен – Иван - филология кафедрасының аға оқытушысы ның М.А. Брянскаяның ұлы, ақын өлеңдерін жатқа айтты.


Бір қуантарлығы, ұлы ақынның поэзиясы жас өркендер үінмен қайта жаңғыра беретіндігінде. Осындай тамаша дәстүрді сақтау – өскелең ұрпақ алдындағы маңызды міндет!