М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
09.06.2022

Баева Юлия Владимировнаны – Филиалымыздың түлегін, экономика кафедрасы меңгерушісінің орынбасарын экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!


 

Баева Юлия Владимировнаны –

Филиалымыздың түлегін, экономика кафедрасы меңгерушісінің орынбасарын экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!


Баева Ю.В.


2022 жылғы 6 маусымда М.В.Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің диссертациялық кеңесінде Ю.В.Баева 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару, 08.00.10 – Қаржы, ақша айналымы және несие мамандықтары бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Ауыл шаруашылығын сақтандыруды жетілдіру ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының факторы ретінде» тақырыбында диссертация қорғады.

 

Баева Ю.В. және диссертациялық кеңестің төрағасы академик Глазьев С.Ю.

Ю.В. Баева 2012 жылы ММУ Қазақстан филиалын «Экономика» мамандығы бойынша үздік бітірді, 2014 жылы ММУ Қазақстан филиалының магистратурасында «Экономика» мамандығы бойынша үздік аяқтады. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап Юлия Владимировна Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында «Экономика» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. Ол «Макроэкономика I», «Макроэкономика II», «Микроэкономика I», «Микроэкономика II», «Макроэкономика» курстары бойынша сабақ береді. «Сақтандыруды талдауға кіріспе» атты курстарды жүргізеді, кафедра меңгерушісінің орынбасары.


Филиалда жұмыс істеген жылдар ішінде Юлия Владимировна өзін жоғары білікті және жауапкершілігі мол маман ретінде көрсете білді, ол үнемі өзінің кәсіби деңгейін көтерумен айналысады.


Баева Ю.В. Филиал директоры А.В. Сидорович және жетекшісі Киселев С.В.


Ю.В. Баеваның ғылыми жетекшісі – Киселев Сергей Викторович, экономика ғылымдарының докторы, профессор, М.В.Ломоносов атындағы ММУ экономика факультеті агроэкономика кафедрасының меңгерушісі.


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұжымы «Экономика» бағыты бойынша үздік түлектердің бірі Юлия Владимировна Баеваны кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды және алдағы уақытта ғылыми және шығармашылық табыстар тілейді!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.