М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Математика» бағытының студенттері жыл сайынғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқаудың жеңімпаздары атанды.
2022 жылы «6В05401 (5В060100) – Математика» мамандығының студенттеріне арналған конкурстың екінші кезеңі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болып өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының «Математика» бағытының 4 курс студенті Әлішер Айқын«О коммутанте прямоугольной группы Коксетера многоугольника» атты ғылыми жұмысы үшін бірінші орынды жеңіп алды (ғылыми жетекшісі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.В.Ломоносов атындағы ММУ механика-математика факультетінің доценті Н.Ю.Ероховец).
3 курс студенті Филипп Денисов «Абелевы сильные ретракты» атты ғылыми жұмысы үшін үшінші орынға ие болды (жетекшісі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.В.Ломоносов атындағы ММУ механика-математика факультетінің доценті А.А. Клячко).
Более подробно о результатах конкурса можно узнать наБайқау нәтижелері туралы толығырақ Еуразия ұлттық университетінің ресми парақшасында (https://enu.kz/ru/info/obyavleniya/66496/) танысуға болады.
Қазақстан филиалының ұжымы Әлішер Айқын мен Филипп Денисовты байқаудағы жеңістерімен құттықтап, жас ғалымдарға алдағы уақытта ғылым мен оқуда мол шығармашылық табыстар тілейді!