24.06.2022

ММУ Қазақстан филиалына жаңа ғимарат берілді!




Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 317 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36 мекенжайындағы ғимарат Филиалға тегін пайдалану үшін берілді.


ММУ Қазақстан филиалының оқытушыларын, қызметкерлерін, студенттері мен түлектерін осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз!