Фото: msu.ru
30 маусымда Беларусь Республикасының Гродно қаласында Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің базасында Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының Жоғары оқу орындары қауымдастығының Төртінші форумының пленарлық отырысы өтті. Оған Ресей ректорлар Одағының президенті, Мәскеу университетінің ректоры, академик В.А. Садовничий, Беларусь Республикалық ректорлар кеңесінің төрағасы, Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінің ректоры В.А. Богуш, Беларусь Республикасы Білім министрінің бірінші орынбасары И.А. Старовойтова, Ресей Федерациясы ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Д.В. Афанасьев қатысты.
ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий Форумның пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде «Қазіргі уақытта ректорлар форумы сияқты академиялық орталар арасындағы өзара байланыс жасаудың маңызы артып, өзектілігі айқындалып келеді. Күрделі сыртқы жағдайларға қарамастан, бүгінгі таңда өз-өзіңмен тұйықталмай, артықшылықтар мен кемшіліктерді шынайы бағалау, білім сапасын төмендетпеу өте маңызды», – деп атап көрсетті.
Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының Жоғары оқу орындары қауымдастығының ІV Форумына Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович қатысты.