Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының директоры Александр Сидоровичпен ғылыми қызметті дамыту мәселелерін талқылады
ММУ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ:
«БІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫ ҮШІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕМІЗ»
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының директоры Александр Сидоровичпен ғылыми қызметті дамыту мәселелерін талқылады. Өткен жылы Ресейдің ең көне университетінің филиалы өзінің 20 жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішінде ЖОО әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейтін 2300 маманды дайындады.
Кездесу барысында Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда мемлекеттік мәртебесі қайтарылған Ұлттық Ғылым академиясының қызметін қайта құру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы орайда Мәскеу университетінің әлеуетін толық пайдалану қажет.
Мәскеу университеті өзінің іргелі зерттеулерімен танымал. Сонымен бірге, Александр Сидорович атап өткендей, шығармашылықты іргелі зерттеулермен үйлестіру Қазақстанда да жүзеге асырылатын жұмыс жасау бағыты болуы тиіс.
Московский университет славится фундаментальными исследованиями. Вместе с тем, как отметил Александр Сидорович, соединение креативности с фундаментальностью - работающая схема, которая должна быть реализована и в Казахстане.
– Оқу процесі мен ғылыми зерттеулер біртұтас болып органикалық түрде біріктірілуі керек. Біздің филиалда студенттер мен магистранттардың барлық жұмыстары, әдетте, Қазақстанның дереккөздері мен материалдарына сүйеніп жазылады және оның қажеттіліктерін шешуге бағытталады. Біз Қазақстанға қызмет етеміз! Қол жеткен практикалық нәтижелердің маңызы зор, – деді ММУ Қазақстан филиалының директоры.
Кездесу Қазақстан мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасындағы өз аумақтарында екі елдің жоғары оқу орындарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді жүзеге асыру аясында өткізілді.
Бұған дейін Қазақстанның жоғары оқу орындарының тәжірибесін пайдалануда мүдделі бағыттары – материалтану және жаңа материалдар технологиясы, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсібі және экономиканың өнеркәсіптік секторларын цифрландыру, машина жасау және технологиялар саласында кадрлар даярлау, жаңартылатын энергия көздері, ядролық физика және атом электр станцияларын жобалау екені аталып өткен.