06.09.2022

Мәскеу университетіне қош келдіңіз!


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Бірінші курстық-2022 күні» болып өтті



Білім күні биыл шуақты күн болды. Қазақстан филиалының табалдырығын жаңа аттаған студенттері алғаш рет өздерінің болашақ alma mater әлемінің аудиторияларына кірді. Онда студенттердің негізгі тәлімгерлері – кураторлары кешегі мектеп оқушыларын бүгіннен басталатын студенттік өмірдің қалай өтетінімен таныстыруы үшін күтіп алды.




Бірінші курс студенттерін ММУ Қазақстан филиалының директоры, еңбек сіңірген профессор А.В. Сидорович қошемет сөзбен қарсы алды: «Өмірде болуы мүмкін ең үлкен кемшілік – нашар білім, бірақ бұл Қазақстан филиалының студенттеріне қауіп төндірмейді. Өйткені, Мәскеу университеті – ең алдымен, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы білім, ал ММУ Қазақстан филиалы – туған жерінде халықаралық білім алудың бірегей мүмкіндігі». Директор университетіміздің дамуындағы маңызды қадам ретінде Филиалды елорданың дәл орталығындағы жаңа ғимаратқа көшіруге дайындалып жатқанын ерекше атап өтті.




Қазақстан филиалының студенттері бір уақытта көп жылдық тарихы мен есімдері бар Мәскеу университетінің үлкен отбасының бір бөлігі екенін нақты көрсетті. Дәл осы күні Мәскеу мемлекеттік университетінде Бас ғимараттың акт залында Студенттер қатыран салатанатты қабылдау рәсімі өтті. Мәскеу университетінің ректоры, академик В.А. Садовничий бірінші курс студенттерін құттықтап, «жарқын бастама – керемет, бірақ сіз үнемі жұмыс істегенде ғана нағыз керемет бола аласыз» деп атап өтті.




Фото: msu.ru


Мәскеудегі Салтанатты шараға Филиалымыздың түлегі, халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, математика-механика бойынша «Ломоносов» Универсиадасының жеңімпазы, 2022 жылы «Математика және информатика» бағдарлама бойынша магистрант атанған, Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің 1 курс магистранты Дінмұхаммед Ақпан да қатысты. Дінмұхамед Мәскеу университетінің бірінші курс студенттері мен оқытушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Біздің түлегіміз өз сөзінде Қазақстандағы филиалда оқығаны туралы айтып, Мәскеу университеті мен оның Қазақстандағы филиалы арасындағы байланысты нығайтуды өзінің миссиясы деп атады.


Фото: msu.ru


Филиал түлегінің осы салтанатты күні Мәскеудегі бас университетте сөз сөйлеуі кездейсоқ емес еді. Салтанатты жиында В.А. Садовничий жылы лебізімен біздің директорымыз А.В. Сидоровичті мерейтойымен құттықтады. ММУ ректоры Қазақстандағы филиалды жоғары бағалап, оны «Мәскеу университетінің тамаша туындысы және Мәскеу мемлекеттік университетінің жетекші шетелдік филиалы» деп бағалап, Филалдың осындай деңгейге шығуында оның директорының зор еңбегін атап өтті. Александр Владимирович 80 жасқа толған күні Мәскеу университетінің игілігі үшін және көп жылғы жемісті ғылыми-педагогикалық қызметі үшін ректордың алғысымен марапатталды.


Дереккөз: https://1sept.msu.ru/








Алғашқы оқу күніндегі алған әсерлері туралы бірінші курс студенттер ойларымен бөлісті.


«Мектепте оқып жүрген кезімнен ММУ Қазақстан филиалына түсуді армандадым. Құжаттарды тапсырып, емтиханға тыңғылықты дайындалдым. Еңбегім нәттжелі болды. Міне, қазір мен студентпін!», – дейді бірінші курс студенті А. Шмелькова.


Филология мамандығының 1 курс студенті Д. Думанецкий филиалға түсуге Филиалымыздың түлегі, қазір ММУ Қазақстан филиалының магистранты Дарья Фогельдің студенттерге сабақ жүргізген укезде Филиал туралы айтқан әңгімелері әсер еткенін айтты. Дарья педагогикалық іс-тәжірибе өтуде өз оқушыларына Филиалымыз туралы көп мағлұмат бергенін айтты.






Студенттер оқудың алғашқы күнінде Филиалдың өздері түскен оқу бағыттары бойынша білім беретін оқытушыларымен танысып, кафедра меңгерушілерінің қошемет сөздерін тыңдады.


Биыл оқуға түскен студенттерімізді ММУ Қазақстан филиалына оқуға түсулерімен құттықтаймыз және оларға өмірдің осы басталған жаңа кезеңінде сәттілік тілейміз!


Фото: А. Зиядин