14.09.2022

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалындағы кездесу





12 қыркүйекте Мәскеу университетінің Қазақстан филиалында Филиал директоры, профессор А.В.Сидорович пен Оман Сұлтандығы Елшілігінің Бірінші хатшысы, доктор Талал Бин Хамед Якубидің кездесуі өтті. Кездесу барысында Мәскеу университетінің, ММУ Қазақстан филиалының және Оман мемлекетінің арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Екі ел арасында білім беруді дамытуға ықпал ететін бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.


Кездесу достық, өзара сыйластық жағдайында өтті, тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.