Спорт – әр адамның өмірінің ажырамас бөлігі. Бізге өйткені, денсаулық пен жемісті еңбек ету үшін ақыл-ойды дамытумен бірге дене шынықтыру да қажет. Біздің студенттер оны жақсы біледі және ММУ Қазақстандық филиалы ұйымдастыратын түрлі спорттық шараларға әрқашан ынталана қатысады. Күздегі көп күткен спорт іс-шараларының бірі дәстүрлі «Алтын күз» атты кросс жыл сайын өткізілетіні де осымен байланысты.
Ауаның райы күтпеген жерден өзгергеніне қарамастан, студенттер марафон өтеді деп шешті! Осылайша, 2022 жылғы 5 қазан күні «Жерұйық» саябағында дәстүрлі күзгі марафон өтті. Оған барлық бағыттағы білім алып жатқан бірінші курс студенттері қатысты, ал жоғары курс студенттері оларға қолдау көрсетті.
Жүгіруге қатысушыларды директордың ғылыми жұмыс және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбділдина Раушан Жабайханқызы құттықтады. Жүгіру басталар алдында Филиалдың дене шынықтыру оқытушылары студенттердің денесін қыздыру үшін түрлі жаттығулар жасатып, жүгіру техникасы бойынша маңызды ұсыныстар берді.
Қыздар бірінші болып сөре сызығына шықты, олардан соң жігіттер жүгірді. Жүгіруге қатысушылардың бәрі де бір-бірін қолдауға тырысты. Бірақ жарыстың аты жарыс, «биыл кім жүйрік атанады?» деген сұрақ барлығын да қызықтырып тұрғаны рас еді.
Қыздар арасынан үздік нәтиже көрсеткен Анжелика Лавринова (G-11) болса, мәреге екінші болып келген Карина Бикбаева (G-11) еді, ал Ксения Ефимович (G-21) үздік үштікті түйіндеді. Жігіттер арасынан Артем Бобкин (G-21) мықты болып шықты, оның ізін ала Руслан Сушков (G-21) екінші болып мәре сызығын кесті, ал Владислав Сердюк (М-11) үшінші орынды иемденді.
«Алтын күз» атты кросс – студенттерді біріктіретін, күнделікті сабақтармен өтіп жататын күндерде көңілге күздің жарқын бояуын қоса, шыныққан дене дайындығын көрсетуге және көңілге қуат беретін жақсы эмоциялар алуға мүмкіндік беретін тамаша дәстүр. «Көппен көрген ұлы той» деген халық даналығындай, бұл жерде, ең бастысы, жеңіс емес, елмен бірге қатысу!
Фото: Кристина Байрактар (фотогалерея)