Белгілі болғанындай, 19 қазан – Императорлық лицейдің ашылған күні. Бұл күнді тойлау дәстүрін оның алғашқы шәкірттері Александр Сергеевич Пушкин мен оның жолдастары қалыптастырған. Лицейді бірген түлектер алғашқыда жыл сайын 19 қазанда «Царское селоға» келіп, естерінде сәулелі кезеңдерімен жатталып қалған жерлерді аралайтын, директордың үйінде тамақтанатын, содан кейін «Царское село» лицейінің директор Е.А. Энгельхардт «лицейлік» деп атаған сол бір ұлылыққа теңескен, жақсылардың басын қосып, біріктіру қағидасы билік еткен лицей мерекесіне қатысатын. 19 қазанды өздерінің альма-матер студенттері үшін «алғыс айту күні» деп атады және олар оны оқу орны мен жолдастық даңқы үшін «жалпы игілікке» пара-пар келетін игі іспен атап өтуге тырысатын.
ММУ Қазақстан филиалының «Филология» бағытының студенттері осы дәстүрді ұстанып, жыл сайын 19 қазанда ақын А.С. Пушкиннің ескерткішіне келіп, ақын үшін ең қастерлі – оның достық пен достары туралы сүйікті өлеңдерін оқиды.
Профессор Т.В. Кривощапова «Царскосельский» лицейі туралы дәріс оқуда
Фото: Филология кафедрасы