М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
03.11.2022

Үлкен жолдардың алғашқы қадамдары


2022 жылдың 21 қазанында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының жаңа ғимаратының қабырғасында «Филология» бағытының 2 курс магистранттарының өндірістік практикасының қорытындысы бойынша конференция болып өтті. Конференцияға ММУ Қазақстан филиалының магистранттары мен тәжірибе жетекшілері ф.ғ.к., доцент С.М. Треблер, ф.ғ.к., доцент Г.П. Байғарина, аға оқытушы Д.А.Бисембина және оқытушы Е.С. Воронова қатысты.



Алдағы белгісіздіктен тартына үрейлену, жүрегі лүпілдей күту, толқыныстар, өз күшін сынауға деген ұмтылыс – өндірістік практика басталар алдында әр магистранттың бойын билеген сезімдердің шоғыры болатын.



Өз-өзіне сенімділік, кәсіби шеберліктің тізгінін ұстағандай күй кешу, алдағы уақытта жаңа жетістіктерге тез жетсем деген ұмтылыс – өндірістік практика аяқталған кездегі әр магистранттың бойын билеген сезімдердің палитрасы.



«Россия-24» телеарнасындағы өндірістік практика


Өндірістік практикадан өтіп келген магистранттар: «Шынайы кәсіби ортаға кіру – ашық ғарышқа шығумен бірдей», – дейді. Кіші Мәскеу университеті магистранттарға – болашақ ғалымдарға, оқытушыларға, журналистер мен БАҚ менеджерлеріне – өз кәсіби саласының майталмандарымен жұмыс тәжірибесін өтуге мүмкіндік берді. Магистранттарды дайындаудың әр бағыты бойынша мамандандырылған тәжірибе базалары белгіленген. «Орыс тілі шет тілді аудиторияда» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан магистранттар Еуразия гуманитарлық институтының (ЕАГИ) базасында педагогикалық тәжірибеден өтті. Тәжірибе базасының жетекшілері – ЕАГИ оқытушыларының айтуынша, магистранттар алға қойылған педагогикалық міндеттерді ойдағыдай орындап қана қоймай, оқу үдерісінде тамаша коммуникативтік құзыреттіліктерін көрсете білді.




Магистрант «Хабар» телеарнасы редакциясының тапсырмасымен сұхбат алады


«Медиалингвистика» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан магистранттар ірі республикалық және халықаралық медиахолдингтерде, атап айтқанда, «Хабар», «Россия 24» телеарналарында Sputnik, Baigenews ақпараттық агенттіктерінің редакцияларында, сондай-ақ продюсерлік компаниялар мен SMM агенттіктерінде өндірістік практикадан өтті.


Конференция барысында студенттер өзара тәжірибе алмасып, өндірістік практика барысында кездескен мәселелерін талқылап, алған әсерлерін, бір-біріне деген тілектерін айтып, әрі қарайғы жоспарларымен бөлісті.

 

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасы өндірістік практика орны болған мекемелердің басшыларына магистранттардың өндірістік практикадан өтуі барысында құнды кәсіби тәжірибені игеруіне көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысын білдіреді.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.