08.11.2022

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының Қазақстан Республикасындағы Кувейт Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуі


2022 жылғы 7 қарашада ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры А.В.Сидорович Қазақстан Республикасындағы Кувейт Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Омар Ахмад Әл-Кандаримен кездесті.




Астанадағы Кувейт елшілігінде өткен кездесуде А.В. Сидорович пен Омар Ахмад Әл-Кандари өзара қызығушылық тудыратын бірқатар тақырыптарды қозғады, оның ішінде Мәскеу университеті, ММУ Қазақстан филиалы және Кувейт мемлекеті арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.




Кездесу жылы, достық жағдайда өтті, тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді. Кездесу соңында Филиал директоры А.В. Сидорович Кувейт Мемлекетінің Елшісі доктор Омар Ахмад Әл-Кандариді ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттарына ашық дәріс оқуға шақырды. Елші ММУ Қазақстан филиалында дәріс оқуға өзінің келісімін білдірді.