09.11.2022

Филиал мен Ұлттық статистика бюросы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


2022 жылғы 8 қарашада М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының директоры. профессор А.В. Сидорович және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Ж.Н. Шаймарданов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Меморандумның мақсаты әлеуметтік-экономикалық процестер мен ұлттық экономиканың жай-күйін статистикалық талдау және болжау әдістері мен әдіснамасы бойынша терең теориялық білімді жоғары білікті маман даярлау саласында ынтымақтастықты дамыту болып табылады.


Жуықта Бюроның мамандары «Экономика» бағытының 2 және 4 курс студенттеріне статистикалық көрсеткіштерді талдау мен әдіснамасының өзекті мәселелері бойынша қонақтық дәрістер өткізеді. Оған қоса, Филиал мен Бюро бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастайды. Бұл ретте «Ұлттық экономика және экономикалық саясат» бағдарламасының 1 курс магистранттары өздерінің курстық жұмысының тақырыптарын бюро ұсынған мәселелермен орайластыруда. Бюроның мамандары студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарына қосалқы жетекшілер ретінде қатысады.


Мәтін: Экономика кафедрасы