2022 жылғы 17-18 қараша күндері ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттары арасында үстел теннисінен турнир өтті. Жарысқа 28 жігіт пен 8 бойжеткен қатысты.
«Турнир әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының жоспары бойынша өткізілді. «Экономика» бағытының 4 курс студенттері ең белсенді болды. Олар жақында Мәскеуден оралды және шамасы, онда жақсы жаттыққан болуы керек. Өйткені олардың барлығы дерлік финалға шықты. Биыл студенттеріміздің ойнау деңгейі жоғарылады, бізге ойынға қабілетті бірінші курс студенттері келгені қуантты. Бұл өте жақсы!», – деді ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Елена Ивановна Клюкина.
Турнирде қыздар арасында Аружан Ысқақова (ВМ-21), Анна Харлова (Ф-11) және Томирис Өтеуова (Ф-21) жеңімпаз атанды.
Жас жігіттер арасында Владислав Сердюк (М-11), Диас Сисекешов (Э-41) және Ерсайын Ахметсалим (Э-21) жүлделі орындарға ие болды.
Үстел теннисі адамның физикалық және психологиялық денсаулығына жақсы әсер етеді. Спорт ойындары мен жаттығулардың ерекшелігі олардың эмоционалдылығы екені белгілі, өйткені ойын барысында бойда жиналған сезімдерді сыртқа шығарып, тән мен жанды тынысандыру мүмкін болады. Үстел теннисінің пайдасы да осында, яғни бір жағынан, күнделікті күйбең тірлікті, оқуды бір сәтке болса да ұмытып, демалатын болса, екінші жағынан, зейінін жинақтауға, алда тұрған міндетті тез шешуге тәрбиелейді. Турнирге қатысушылардың барлығына ойындағы белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта да жаңа спорт шыңдарына жетуіне тілектеспіз!
Фото: Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
[Толығырақ...]