25.11.2022

Магистранттардың «Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы» КММ және жұмыспен қамту мәселелері бойынша «Эрнст энд Янг» консалтингтік компаниясының өкілдерімен кездесуі


2022 жылғы 23 қарашада ММУ Қазақстан филиалында бакалавриат бағдарламалары бойынша 4 курс студенттері «Астана қаласы әкімдігінің халықты Жұмыспен қамту орталығы» КММ өкілдерімен кездесуі болып өтті. Онда «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі» және «Ұрпақтар келісімі» жобалары талқыланды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысына сәйкес ұйымдастырылған осы жобалардың арқасында түлектер университетті бітіргеннен кейін кепілді жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.







Мұндай жобаларға қатысу бітіруші студенттерге әлеуетті жұмыс берушімен танысуға, жаңа дағдыларды меңгеруге, кәсіпті танып-білуге, тәжірибе жинақтауға және оқу бағдарламасын бітірген соң жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.







Кездесуге «Ernst & Young» консалтингтік компаниясының өкілдері де қатысты. Жүргізуші Розалина Чичерова өзінің сөзінде компания жұмысының негізгі бағыттарына тоқталып, компанияның артықшылықтары мен жеңілдіктері туралы айтып, түйіндеме жазу бойынша кеңестер берді.


Жалпы алғанда, соңғы курста оқып жүрген студенттер үшін кездесу нәтижелі болды, олар әлеуетті жұмыс берушілер туралы көп нәрсе сұрап білді және болашақта жұмысқа орналасу туралы өздерін толғантып жүрген сұрақтарға жауап алды.



Мәтін: Анжелика Чепкова

Фото: Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі