2022 жылғы 23 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінде «Ұлы дала өркениеттері» тақырыбында ММУ Қазақстан филиалының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, Халықаралық Ғылым және Жоғары білім академиясының (Ұлыбритания) академигі Сабина Шәріпқызы Аязбекова ашық дәріс оқыды.
Дәріске Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары және профессорлық-оқытушылар құрамы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, ҚР ҒЖБ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының белгілі ғалымдары, философтар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар қатысты.
Дәріс оқуы барысында Сабина Шәріпқызы өзінің көп жылғы ізденістерінің нәтижелерімен бөлісті. Дәріс мазмұнында «Ұлы дала өркениеттері: философиялық-мәдени талдау (проблеманың басталуы)», «Ұлы даланың мәдениеті мен өнері: өркениеттік контекст» (С.А. Аязбековпен қосалқы авторлықта), «Қорқыт-Ата және қазақтардың музыка философиясы: ұлттық әлемсуреттері», «Ғ.Жұбанованың музыка әлемі: Заман – мәдениет – ұлт» және т.б. өзекті тақырыптағы монографияларына таныстырылым жасалды.
Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ