2022 жылғы 14-25 қараша күндері Филиалдың филология кафедрасының ұйымдастыруымен Тілдер апталығы болып өтті. Орыс тілі апталығы, Қазақ тілі апталығы және Ағылшын тілі апталықтары қатар өткізіліп, студенттер үшін үш тілдегі іс-шаралар ұйымдастырылды, оған Фмлиалдағы барлық бағыттағы студенттер мен магистранттар қатысты.
Орыс тілі апталығының ашылуы орыстың атақты жазушысы Д.Н. Мамин-Сибиряктің 170 жылдығын тойлаумен тұстас келді. Д.Н. Мамин-Сибиряк – реалистік романдарымен, Орал бойындағы саяхаттары туралы жазбаларымен, «Шығыс аңыздарымен» және қазақша «Баймаған» мәтінімен, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған тамаша ертегілерімен танымал сібір және Қазақстанның орыс жазушысы. Жазушының өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, Д.Мамин-Сибиряктың өмірбаянының егжей-тегжейлерімен таныстырып, студенттер Екатеринбургтегі үй-мұражайына қысқаша виртуалды экскурсия жасауға мүмкіндік алды. Осы іс-шара студенттердің «Авторын таны» атты әдеби викторина ойнауымен жалғасты. Викторина талабы бойынша бір көркем шығармадан үзінді тыңдап, оның авторының атын атап, қандай мәтін талқыланып жатқанын болжау керек болды.
15 қарашада филология кафедрасының доценті Г.П. Байғарина «Жыл сөзі» интернет-жобасы – уақытқа байланысты сөздіктің қайнар көзі ретінде» атты ашық дәрісі студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Апталықтағы тағы бір шара – ұлы ғалым және ұлы ақынның туған күні қарсаңында өткізілетін дәстүрлі «Ломоносов ертеңгілігі» болды. Ертеңгілік аясында М.В.Ломоносовтың өмірі, қызметі және ғылыми жолы туралы танымдық фильмін қарап, соңында фильм туралы әңгімелесу өтті.
«Орыс тілі және сөйлеу мәдениеті» пәні бойынша «Математика», «Қолданбалы математика және информатика» және «Экология және табиғатты пайдалану» бағыттарының студенттері «Бұл неліктен қиын?» деген тақырыпта эссе жазды. Студенттер осы сұрақты қоюға мәжбүрлейтін орыс тілін үйренудің қиындығы мен ерекшеліктері туралы өз ой-толғаныстарын білдірді.
Орыс тілі апталығында «Тенгри» әдеби клубының екі отырысы өткізілді. 16 қарашада «Әдеби шеберхана» айдарымен өткен кездесуде «Филология» бағытының 2 курс студенті Дмитрий Вишневский мономифтің сиқырлы ертегі мен фантастикалық прозаға тигізетін игі ықпалы туралы айтып берді. Клуб төрайымы Диана Костишина новелланың сюжеттік желісін көрсетті, әлем әдебиетінен қызықты мысалдар келтірді. Клубқа қатысушылар новеллалар мен қиял-ғажайып жанрындағы туындыларды жазудың қадамдары туралы қызу талқылады. 23 қарашада «Юрий Поляковтың сценарийі бойынша түсірілген фильмдер» тақырыбы бойынша отырыс өткізілді. «Филология» бағытының 1 курс студенттері Ксения Овчинникова мен Ева Окман «Апофегей» және «Құлағандардың аспаны» фильмдеріне шолу жасай отырып, талдау жүргізді. Фильмдер бойынша жүргізілген қызу пікірталас жазушының романдарын оқуға, фильм мен көркем туындыны салыстыруға деген қызығушылығын тудырды.
Осы кезеңде қатар өткізілген Қазақ тілі апталығының мақсаты студенттер мен магистранттардың қазақ тілі бойынша білімдерін тиянақтау және мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту болды.
15 қарашада аға оқытушы Қ.М. Қажыбаеваның ұйымдастыруымен «Филология» бағытының 1 курс студенттерімен «Туған жер – алтын бесік» тақырыбында әңгіме форматындағы сабақ өткізілді. Студенттер еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар туралы баяндамалар жасады, Қазақстанның табиғи ресурстары мен көрікті жерлері туралы айтты.
19 қарашада профессор Н.Ж. Құрман «Математика» бағытының 1 курс студенттерімен «Жаужүрек мың бала» көркем фильмі бойынша интерактивтік-танымдық әңгімелесу сабағын өткізді. Әңгімелесу барысында туындаған қызу пікірталасқа бірінші курс студенттері белсенділікпен қатысып, қазақстандықтар үшін шынайы патриотизм үлгісіне айналған фильмнің бас кейіпкері Сартайдың қайсарлығын атап өтті. Сюжеттер бойынша студенттер кейіпкерлердің сөздерін дыбыстап айтып, тағы да басқа түрлі интерактивті тапсырмалар орындады.
21 қарашада аға оқытушы Г.Ж. Мауленова «Экономика» бағытының 1 курс студенттерімен «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Оқушылар қазақ халқының мәдениеті туралы білімдерін толықтыра отырып, түрлі тілдік және танымдық тапсырмалар орындады. Э-12 тобының студенттері Дана Балтабаева, Артемий Рыбалко, Татьяна Гобина қазақтың белгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып берді. Сабақтың ең қызықты тұсы - студенттердің қазақтың ұлттық «Асық ату» ойынын өткізуі болды.
22 қарашада аға оқытушы Қ.М. Қажыбаева «Қазақ тілінің білгірі» тақырыбында викторина өткізді. 7 бөлімнен тұратын викторинада студенттер үш топқа бөлініп, түрлі тапсырмалар орындады. Олар қазақ ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді таңдап, өлең оқып, жұмбақтарды шешуге қатысты. Викторинаның қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталып, қатысушыларға сыйлық берілді. Сабақ соңында «Филология» бағытының 1 курс студенті Ержан Ақжігітов домбырамен «Көңіл толқыны» күйін орындады.
23 қарашада профессор Н.Ж. Құрман, «Филология» бағытының 1 курс магистранттарымен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай, Әнші, «Қазақстанның Халық Қаһарманы» Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай, қазақтың тұңғыш ұшқыш батыр қызы, «Қазақстанның Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін еске алуға байланысты Қазақтың батыр қыздары» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында магистранттар баяндамаларын оқып, презентациялар жасады, деректі фильмдерден кадрлар көрсетті. Магистрант Әділ Чумажанов Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арнап шығарған авторлық өлеңін оқыды.
24 қарашада доцент С.Қ. Кенжемұратованың ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі, PhD Л.Ж. Бейсенбаева «Ахмет Байтұрсынұлы – ғалым, қазақ графикасының реформаторы, жазушы-ақын» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді. Дәріске ғалым-жазушының шығармалары, оның қызметі туралы әдебиеттер көрмесі дайындалды, қатысқан 1 курс студенттері дәріс соңында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқып, өз пікірлерін ортаға салды.
Ағылшын тілі апталығы биыл ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің 220 жылдығына арналып ұйымдастырылды. Алғашқы күні дәстүрлі Spelling Competition лингвистикалық жарыс өткізілді. Лексикалық материалдар Чарльз Диккенстің шығармаларынан іріктелініп алынды. Жарысты ұйымдастырушылар «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс магистранттары оқытушы Л.А.Задорожнаяның жетекшілігімен жарыс бағдарламасын екі кезеңге бөлді. Қатысушылар өздерінің бай сөздік қорын және лексикалық материалды таңдай білу қабілеттерін көрсетті. Жарыста 1-ші орынды «Экономика» бағытының 4-курс студенті Офеля Катвалян алғашқы айналымнан бастап-ақ тамаша нәтиже көрсетіп, айтарлықтай басымдықпен жеңіп алды. 2-ші орынды «Филология» бағытының 1 курс студенті Константин Бауэр, ал 3-орынды «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс студенті Әмір Салықов жеңіп алды. Осынау іс-шараның соңында қатысушылар оны ұйымдастырушыларға қызықты тапсырмалар үшін алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарды классикалық көркем әдебиетті оқуға баулиды.
Ағылшын тілі апталығының екінші күнінде «Экономика» факультетінің 1 курс студенттері ағылшын тіліндегі музыкалық шығармалар мен фильмдерді білуге арналған қызықты викторина және «Не? Қайда? Қашан?» («What? Where? When?») деген ағылшын тілінде логикалық тапсырмалардан тұратын командалық зияткерлік ойын өткізілді.
English with music and films атты алғашқы викторинаның қорытындысы бойынша филология бағытының 1 курс студенттері жеңімпаз атанды. 1 орын Константин Бауэрге, 2 орын Дияра Мадиомарға, 3 орын – Александра Шмелковаға берілді.
«Не? Қайда? Қашан?» («What? Where? When?») зияткерлік ойынына 7 команда қатысты. Күрделі тартыстың нәтижесінде жеңімпаз атанғандар келесілер болды: 1 орынды «Жеңісшілер» командасы (Э-11 студенттері А.Аймауыт, А.Масақбаева, М.Жұманғали, Б.Сейтеналы), 2 орынды «Nintendo switch» командасы (Ф-11 студенттері И.Власенко, А.Азаматов, Д.Думанецкий, К.Бауэр) мен «Girl power» командасы (Ф-11 студенттері М. Ковалик, Д.Баякова, М. Фриген) және «Әкелер» командасы (Н. Палехина (Э-11), В. Ли (Э-11), Н. Блохин (Э-11), Т. Қылышбеков (ВМ-11), 3 орынды «Triangle» командасы. (И. Ломиковская (Э-21), Д. Комбарова (Э-21), М. Аймұханов (М-11) иеленді.
Оқытушы Е.П.Меркулованың жетекшілігімен «Математика» бағытының 2 курс студенттері «Math Star» интерактивті ойынын ұйымдастырып өткізді. Ойын мазмұнында түрлі тапсырмалар қамтылды, олардың ішінде математикалық белгілер мен белгілерді дұрыс оқу және математикалық есептерді ағылшын тілінде шешу ең қызықты тапсырмалар болды. Ағылшын тілі мен математика пәні бойынша терең білімдерін көрсеткен студенттер жеңімпаз атанды, олар: Э.Дуцинин (Ф-21) 1 орын алды, Т.Әбдақалықов (М-21) 2 орын алды, А.Әріпханов (М-21) 3 орын алды.
Ағылшын тілі апталығының қорытынды шарасы доцент А.Р. Сулқарнаеваның жетекшілігімен филология мамандығының 1 курс студенттері ұйымдастырған «Әдеби қонақ бөлмесі» болды. Ұйымдастырушылар ағылшын әдебиетінің классигі Чарльз Диккенстің өмірі мен шығармашылығына негізделген қызықты викториналар өткізді. Бірнеше кезеңге бөлінген викториналық кешке қатысушылар жазушының өмірбаянынан, сондай-ақ оның «Оливер Твистің бастан кешкен оқиғалары», «Пиквик клубының жазбалары», «Үлкен үміттер» және тағы басқа белгілі шығармаларының жазылу тарихынан бірқатар қызықты деректермен танысты.
Викторинаның жеңімпаздары ағылшын мәдениеті мен әдебиетінің тарихы саласынан өздерінің тамаша білімдерін көрсетті. I орынды экономистер мен филологтар командасы иеленді: Е. Дуцинин (Ф-21), Д. Вишневский (Ф-21), А. Кульджанов (Э-22). ІІ орынды «Филология» бағытынан 2 команда өзара бөлісті. Бірінші командаға қатысқандар 4 курс студенттері А.Байбуза (Ф-41), А.Иванов (Ф-41), Т.Нұрмұханбетов (Ф-41), А.Әбубакирова (Ф-41). Екінші командаға қатысқандар 1 және 2 курс студенттері А. Исханова (Ф-21), А. Аязбай (Ф-21), А. Мукаева (Ф-11), Н. Шишканова (Ф-11). көрсетті. Үшінші орынды 4 курс филологтары командасы М. Куанышева (Ф-41), А. Сухоставская (Ф-41), Д. Панёва (Ф-41) иеленді.
Филология кафедрасы студенттер мен магистранттарға Тілдер апталығына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді!
Мәтін: Филология кафедрасы