2022 жылғы 1 желтоқсанда Санкт-Петербургтегі Таврия сарайының Дума залында «Еуразиялық экономикалық перспектива» Х Халықаралық форумының ашылуы өтті. Бұл жыл сайынғы Халықаралық форум еуразиялық интеграция проблемалары бойынша диалог жүргізуге, сондай-ақ еуразиялық мемлекетаралық ынтымақтастық перспективалар жөнінде пікір алмасатын басты конгресстік алаңдардың бірі болып табылады. Биылғы форумның тақырыбы «Жаңа экономикалық нақты жағдайдағы еуразиялық интеграцияның дамуы» деп аталды.
Филиал директоры профессор А.В. Сидорович Форумның пленарлық отырысында құттықтау сөз сөйлеп, ММУ ректоры, Еуразиялық университеттер қауымдастығының Президенті Виктор Антонович Садовничийдің құттықтауын оқып берді және еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелерін талқылауға қатысты.
Фото: «Еуразиялық экономикалық перспектива» форумының сайты