12.12.2022

Филиал магистранттары Қазақстандағы алғашқы «Qazdatathon» үлкен деректермен жұмыс істеу конкурсында жеңімпаз атанды


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының командасы, Аманжол Мұхтар, Даниярова Камила, Жанмұқанбетова Гүлден, Мұхамедева Алима, Покровский Иван «Qazdatathon» байқауында жеңіске жетті! Конкурсты Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы мен Ұлттық статистика бюросы ұйымдастырған болатын.




Конкурсқа 17 университет қатысты, біздің Филиалдың командасы финалға өткен бес команданың бірі болды.




Қатысушылар үлкен деректерді талдай білудің және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше білудің жаңа тәсілдерін іздеуде терең білімдері мен дағдыларын көрсету міндеттері қойылды. Біздің команданың менторы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Нұрболат Мұқанов болды.




Байқау жеңімпаздары демеушілер тарапынан электроника дүкенінен 500 000 теңгенің бұйымын алуға болатын сыйлық сертификатына ие болды. Сонымен бірге жеңімпаздарға «Qlik» мәліметтер аналитикасы бағдарламасына жылдық лицензия, бизнес-аналитика бойынша кітаптар, сондай-ақ осы конкурсты ұйымдастырушы мемкемеде тағылымдамадан өту мүмкіндігін алды. Жеңімпаз командаға нақты дәлелдерге сүйене отырып, жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі де берілді.


Магистранттарымызды төл қуаныштарымен, жеңістерімен құттықтаймыз! Осынау конкурсты ұйымдастырушыларға да алғысымызды білдіреміз!

Мәтін: Экономика кафедрасы