14.12.2022

Қазақстан филиалындағы «Ашық есік» күні


2022 жылғы 11 желтоқсан, жексенбі күні М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Ашық есік» күні болып өтті. Биыл осындай кездесу көп уақыттан бері алғаш рет күндізгі кездесу түрінде өткізілді. Қонақтар үшін ауқымдыбағдарлама дайындалды, атап айтқанда: Мәскеу университетінің және Қазақстан филиалының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу, студенттермен және түлектермен кездесулер, сондай-ақ қабылдау емтихандарының материалдары бойынша шеберлік сабақтарына қатысу.






Дәстүр бойынша Ашық есік күні директор, ММУ-дің еңбек сіңірген профессоры А.В. Сидоровичтің кіріспе сөзімен басталды. Александр Владимирович Филиалда оқудың артықшылықтары, ерекшеліктері және қабылдау ережелері туралы айтып, талапкерлерді білім беру бағдарламаларының басшыларымен таныстырды. Директор білім сапасының жоғарылығына баса назар аударып, түлектердің жұмысқа орналасуында кең мүмкіндіктер бар екенін атап өтті және оқудың барлық бағыттары бойынша білім гранттарының қолжетімді екенін баса назар аударды. Әсіресе, Филиалдың түлектерінің Қазақстан Республикасының дамуына үлкен үлес қосып, ұлттық компанияларда, мемлекеттік басқаруда, экономика және білім беру салаларында жұмыс істейтініне және Мәскеу университетінің түлектері деген атақты мақтанышпен алып жүргеніне ерекше назар аударылды. Директор, сондай-ақ, талапкерлер мен ата-аналардың оқу бағытын таңдау және қабылдау емтихандары жөніндегі сұрақтарына жауап берді.





«Ашық есік» күні – бұл дәстүрлі формат, осылайша біз жыл сайын болашақ студенттерімізбен кездесіп отырамыз. ММУ Филиалы қазірдің өзінде екі жарым мыңға жуық жоғары білікті маман дайындап, отандық экономиканың, білім мен ғылымның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосып келеді. Филиалдың бұл бағыттағы қызметі Қазақстан мен Ресейдің жемісті ынтымақтастығын танытатын жарқын үлгі болып табылады», — деді А.В. Сидорович.




Келесі сөз кезегі ММУ есептеу математикасы және кибернетика факультетінің жалпы математика кафедрасының меңгерушісі И.С.Ломовқа берілді. Ол Филиалда құрылған мықты математикалық факультет пен мектеп туралы айтып, университет студенттерінің білім деңгейі мен тәртібінің жоғары екендігін атап өтті. Сондай-ақ, И.С.Ломов математика мамандығына түсуді жоспарлаған талапкерлерге қажетті өз кеңесімен бөлісті.





«Ашық есік» күніндегі іс-шаралар әрбір мамандық бойынша яғни оқу бағыттары бойынша әзірленген таныстырылым көрумен жалғасты. Кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы өз мамандықтарының ерекшеліктері мен оған түсу емтихандарының бағдарламалары туралы айтып берді. Кезедсуге келген қонақтар Қазақстан филиалының түлектерімен және студенттерімен әңгіме-сұхбат құрып, оқуға қабылдау туралы және студент болған кезде керекті достық әрі құнды кеңестермен ой бөлісті.


Әр саланың оқу бітірген түлектері болса, өз сөздерінде оқуға түсу емтихандарына мұқият дайындалу керектігіне баса мән беріп, онда мектеп бағдарламасын қайталау ғана емес, сонымен қатар білімді тереңдету де қажет екенін айтты. Әңгімеге қатысушы түлектер талапкерлермен Астана мен Мәскеуде оқыған кездері туралы естеліктерімен бөлісті. Олардың айтуынша, қабылдау емтиханы — алдағы дипломды алуға алып баратын ұзақ, қиын да қызықты жолдың бастауы.


Қабылдау сынақтары бойынша өткізілген «шеберлік сыныптарда» дайындық бағдарлама оқытушылары өткен жылғы қабылдау емтиханында ұсынылған тапсырмалар бойынша түсініктеме берді. «Шеберлік сыныптаындар» талапкерлерге емтихан тапсырмаларының өзіндік ерекшеліктері түсіндірілді. Сол арқылы оқуға түсуде табысқа жетуге, оқуға түсу мүмкіндіктерін арттыруға көмек берді. Келесі жылы талапкерлер «Математика», «Қолданбалы математика және информатика» және «Экономика» бағыттары бойынша математика және орыс тілі пәндерінен түсу сынақтарын тапсырады; «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша география және орыс тілі пәндерінен сынақ тапсырады; «Филология» бағытына түсу үшін орыс тілі, әдебиеті және шет тілі пәндерінен емтихан тапсыратын болады.

 

ММУ Қазақстан филиалына қызығушылық танытып, «Ашық есік» күніне қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз және жаңа оқу жылында сіздерді асыға күтеміз!

Фото: Арыстан Шукенов, Кенжехан Нургалиев