20.12.2022

ММУ Қазақстан филиалында Кувейт Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу болып өтті


2022 жылғы 13 желтоқсанда Кувейт Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Омар Ахмад Әл-Кандари М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары мен студенттерінің алдында «Кувейт мемлекетінің сыртқы саясатының экономикалық құралдары» тақырыбында дәріс оқыды.




Кезедсу алдында Филиал директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры А.В. Сидорович Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекетінің ара қашықтығы біздің елдеріміздің жақын достық қарым-қатынасына әсер етпейтінін атап өтті. Ол біздің Филиалымыз үшін бұл достық қарым-қатынастың орны ерекше екенін атап өтті, өйткені нақ Кувейт Үкіметінің грантымен салынған осы ғимарат ММУ Қазақстан филиалының қазіргі жаңа оқу корпусы болып отыр.



Омар Ахмад Әл-Кандари дәріс оқуы барысында географиялық деректер, экономикалық көрсеткіштер мен фактілерді көрсете отырып, Кувейт мемлекетінің қалыптасу тарихына байланысты деректерге тоқталып, елде болған экономикалық серпілістердің маңызын айтып берді. Елші атап өткеніндей, Кувейт мемлекетінің заманауи сыртқы саясаты үш негізгі мақсатты көздейді, олар: қауіпсіздікті қамтамасыз ету, басқа елдерге әлеуметтік-гуманитарлық қолдау көрсету және мемлекеттің экономикалық дамуы. Кувейт елшілігінің басшысы мемлекеттің көпвекторлы сыртқы саясаты, ең алдымен, басқа елдермен тату көршілік қарым-қатынас орнатуға бағытталған деп атап көрсетті. Елші өз дәрісінде, сондай-ақ, дамушы елдерге қаржылық және техникалық көмек көрсететін және бақылайтын Кувейттік араб экономикалық даму қорының қызметі туралы айтты. Аталмыш Қор Кувейт мемлекетінің дамуының негізгі экономикалық қозғалтқышы және Кувейт пен басқа елдер арасындағы байланыстарды арттырудың, нығайтудың құралы болып табылады. Бұл Қор араб елдерін және дамушы елдерді дамыту жобаларына өз үлесін қосатын Таяу Шығыстағы алғашқы даму институты болып табылады.







Кувейт мемлекетінің Елшісі оқыған дәріс тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Филиал студенттері мен оқытушылары Кувейт мемлекетінің саяси және экономикалық дамуына байланысты сұрақтар қойды. А.В. Сидорович Қазақстандағы Кувейт елшілігі басшысының дәріс оқып бергеніін жоғары құрмет деп бағалап, өз алғысын айтты. Сонымен бірге Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының атынан естелік сыйлық табыс етті.



Фото: К.С. Байрактар