М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
18.12.2022

Филиал студенттері Сібір математикалық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды


2022 жылғы 20 қараша күні Новосибирск мемлекеттік университетінде жыл сайынғы ашық халықаралық «Сібір математикалық олимпиадасы» университетаралық математикалық олимпиада болып өтті. Біздің Филиалдың студенттері олимпиадаға қашықтықтан қатысып, үздік нәтиже көрсетті. Құрамында «Математика» бағытының 1 курс студенттері Әмина Әбсаттарова, Денис Виноградов, Исламбек Қырықбай, Данияр Мушанов, Бауыржан Тұткушев, Леонид Тюленев қатысқан Филиал тобы бірінші курстық командалар арасында жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Жеке есеп бойынша «Математика» бағытының 1 курс студенті Леонид Тюленев 2 орынды иеленді. Команданың жаттықтырушысы — іргелі және қолданбалы математика кафедрасының профессоры Г.А. Ақышев.




Сібір математикалық олимпиадасы студенттердің математикалық олимпиадалары арасындағы ірі іс-шара болып табылады. Олимпиада Новосибирск мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің базасында ұйымдастырылып өткізіледі. Олимпиадаға, негізінен, бакалавриат студенттері және магистранттар қатысады. Олимпиадаға қатысушылар екі санатқа бөлінді: 1 курс студенттері бір топта, 2-6 курс студенттері басқа топта жарысқа түсті. Олимпиадаға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Армения елдерінен келген 30-дан астам жоғары оқу орындарының 461 студенті қатысты.


Олимпиада туралы толық ақпаратты http://smc.nsu.ru/ ресми сайтынан алуға болады. Ал олимпиада нәтижелерімен >>> мына жерден танысуға болады.


Қазақстан филиалының ұжымы студенттерді осы олимпиадағы жеңісімен құттықтайды және алдағы уақытта шығармашылық және ғылыми жетістіктерге жетуіне тілек білдіреді!


Мәтін: іргелі және қолданбалы математика кафедрасы


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.