21.12.2022

Заманауи әлемдегі әділеттілік туралы



Адам төңірегінде жинақталып құрылған әлеуметтік мәселелер әділетті қоғамға деген талапты қалыптастырады.

 

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Әділеттілік идеясы және Қазақстанның жаңа бағыты» тақырыбында Халықаралық «дөңгелек үстел» аралас форматта болып өтті. Оған Қазақстан мен Ресейдің ғылыми қауымдастығының, университеттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, депутаттар, бірқатар сарапшылар қатысты.



 


ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор Александр Сидорович өзінің сөйлеген сөзінде ХХ ғасырдағы әлеуметтік үлгілердің тәжірибесіне талдау жасап, адамзаттың ең жоғары құндылықтарының бірі ретінде әділеттілікті қалыптастырудың қажеттілігін айтты. Сонымен бірге ол әлеуметтік жүйедегі шынайы теңсіздіктің жай-күйін есепке алуды бағалаудың маңыздылығын атап өтті және әділетті қоғам құрудың бірқатар мәселелерін алға тартты.

 

– Әділеттілік мәселесі — өзекті мәселелердің бірі. Бұл идея өзіне дейінгі барлық әлемдік даму тәжірибесін бойына жинақтаған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әділеттілік идеясына деген қатынасын жинақылықпен тұжырымдап, бұл идеяның бүкіл ұлттық идеологиның өн бойына сіңетінін атап өтті. Ол әрбір шешімнің, әрбір практикалық іс-әрекеттің негізінде тұратын болады», — деді Александр Сидорович.


  


«Қазақстан халқына» Қоғамдық әлеуметтік қорының қамқоршылық кеңесі төрағасы Қайырбек Сүлейменов қор жұмысының қағидаттары туралы айтты. Ол өз сөзінде қайта өзгеру идеяларының жүзеге асырылуы қоғамның сенім көрсетуінің қажеттілігін, Мемлекет басшысының идеяларына сенімнің қажеттігілігін баса айтты.

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан өз сөзінде: — Президент Қ. Тоқаевтың идеяларын жүзеге асыру бойынша Министрлік тарапынан оқытушылар мен студенттердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін іске асыру бағытында, олардың құқықтарын сақтау және қорғау үшін жағдай жасау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерді қарқынды дамытуға көңіл бөлінуде», — деп атап көрсетті. .

 

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева сөйлеген сөзінде әділеттілік заң шығаруда басым рөл атқаратынын айтты. Әділетті заңнама жасау үшін корпоратизм мен «жабықтықтан» құтылу керек. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бүгінде заң жобаларын талқылауға сарапшылар мен қоғамды кеңінен тарта отырып көпшілік талқылау жасауға ашық жұмыс жүргізуде.


  





Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев өз сөзінде әділеттілікке жету үшін қоғамның нақты мәселелерін шешудің маңыз зор екенін атап өтті.

 

– Әлеуметтік сенімге лайық емес стратегиялар қоғамда дүрбелең тудыруы мүмкін, адам төңірегінде құрылған әлеуметтік мәселелер әділетті қоғамға деген сұранысты қалыптастырады. Жаңа Қазақстанның беталысы бағдары Ресей үшін де өзекті екенін атап өткім келеді, өйткені біз ұзақ мерзімді стратегиялық серіктес болып табыламыз, – деп атап өтті экономика ғылымдарының докторы, Орал мемлекеттік экономика университетінің ректоры Яков Силин.

 

Дөңгелек үстелде, сонымен бірге талқылауға Қазақстан Республикасы ҰҒА вице-президенті Зарема Шәукенова, РҒА академигі, ММУ профессоры Сергей Колесников, экономика ғылымдарының докторы, ММУ профессоры Иван Теняков, ҚР ҰҒА академигі Раушан Әбділдина қатысып, өз ойларымен бөлісті.