М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.12.2022

Би аэробикасынан жарыс


2022 жылғы 23 желтоқсанда «Евразия» спорт кешенінде ММУ Қазақстан филиалының студенттері арасында би аэробикасынан жарыс өтті. Оған Филиалымыздың 200-ден астам студенттері қатысты.



Би аэробикасы – фитнес саласының бірі, ол музыкамен орындалатын жаттығулар жиынтығы. Би аэробикасының артықшылығы адамның шығармашылық әлеуетін ашуға және әрбірінің даралығын көрсетуге мүмкіндік беретін шығармашылық бағыттылығы болып табылады. Қатысушылар қойылым бағдарламасын мұқият ойластырып, костюм таңдауға, музыка таңдауға және би үлгісін салуға бар жауапкершілікпен қарады.

    

             


Байқаудың бірінші кезеңі «Хафанана» жалынды трекке би қыздыру болды. Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін қатысушыларды ҚФ ММУ дене шынықтыру мұғалімдерінен құралған қазылар алқасымен таныстырды. Іс-шара барысында залда достық пен жылы атмосфера орнады, байқауға дайындық кезінде студенттердің қаншалықты жиналғаны байқалды.














Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Экономика» бағытының 1 курс студенттері, екінші орынды «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 2 курс студенттері командасы, ІІІ орынды «Экономика» бағытының 2 курс студенттері командасы жеңіп алды.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Фото: К.С. Байрактар (фотогалерея),

видео: Б. Туйбеков



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.