27.01.2023

Филиал директоры А.В.Сидорович «Жаңа Қазақстан: экономикалық даму стратегиясы» атты Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті–Елбасы кітапханасында «Жаңа Қазақстан: экономикалық даму стратегиясы» атты Халықаралық конференция болып өтті. Конференцияның мақсаты – Жаңа Қазақстанды құру жағдайында тұрақты экономикалық дамудың өзекті мәселелерін сарапшылық тұрғыдан талқылау. Шараға қазақстандық және шетелдік белгілі сарапшылар қатысты.




ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры А.В. Сидорович конференцияға қатысып, «Ұлттық-бағдарлы саясат және дамудың әділ моделі» тақырыбында баяндама жасады.




Тыңдаушылар ретінле онлайн-режимде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, Астана IT университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қарағанды техникалық университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ Астана мектептерінің қоғамдық пән мұғалімдері қатысты.

 


Дереккөз: kazpravda.kz

Дереккөз: kazpravda.kz Фото: Тұңғыш Президент кітапханасының баспасөз қызметі

Конференция туралы Тұңғыш Президент кітапханасының сайтында а