М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
17.02.2023

ФИЛИАЛ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ


2023 жылғы 14 ақпанда ММУ Қазақстан филиалы қабырғасында «Математика» бағытының 1 және 2 курс студенттері мен Филиалдың 2021 жылғы түлегі Есбай Еркінмен кездесуі өтті.




Еркіннің өзі бастамашы болған кездесудің мақсаты студенттерге әрі қарай оқуда пайдалы болатын тәжірибе алмасу болған еді. Кездесу барысында Еркін балаларға өзінің студенттік өмірінен түрлі өрнектер келтіріп, қазір не нәрсеге көңіл бөлген дұрыс екендігі туралы ойымен бөлісіп, кеңестер берді. Студенттерге өз мүмкіндіктерін қалай және қай жерде көрсете алатыны туралы айтты.





Сондай-ақ, Мәскеуде үшінші курста оқу туралы, кафедра мен ғылыми жетекші таңдау туралы егжей-тегжейлі айтылды. Студенттер қонақпен бірге оқуды аяқтағаннан кейінгі қадамдарды, табысты мансап құру үшін қандай дағдылар мен құзыреттер пайдалы болатындығы жөнінде талқылады.


Кездесу өте қызықты өтті. Студенттер көптеген пайдалы кеңестер алды және өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауаптар алды.




Есбай Еркін – 2021 жылы «Математика» бағыты бойынша бакалавриатын үздік бітірген Филиалдың түлегі. Ол ММУ механика-математика факультетінің математикалық статистика және стохастикалық процестер кафедрасында оқыды. Қазіргі уақытта Швейцариядағы Лозанна Федералдық Политехникалық мектебінде (École polytechnique fédérale de Lausanne) магистратураның 1 курсында оқиды – Applied Mathematics қолданбалы математика бағыты бойынша техникалық мамандықтарды оқытатын әлемдегі жетекші университеттердің бірі.


Фото: Асыл Бараков


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.