07.03.2023

Қазақстан филиалының студенті «BUSINESS SKILLS CONTEST: ELEVATOR PITCH» халықаралық университетаралық студенттер конкурсының жеңімпазы атанды


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Экономика» бағытының 2 курс студенттері Далия Қамбарова мен Максим Матухно филология кафедрасының доценті, PhD докторы Аймолдина Әлия Аманжолқызының жетекшілігімен М.В. Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің Тіл және мәдениетаралық коммуникация орталығы ұйымдастырған «BUSINESS SKILLS CONTEST: ELEVATOR PITCH» атты2023 жылғы 1 қаңтардан 31 қаңтарға дейінгі кезеңде (сырттай тур) және 15 ақпаннан 28 ақпанға дейін (күндізгі тур) Халықаралық университетаралық студенттер байқауына қатысты.




Байқауға қатысу үшін қатысушы әлеуетті инвесторлар үшін ағылшын тілінде өзінің стартапының (elevator pitch) бейнетаныстырылымын дайындауы тиіс болды. Бірінші турдың қорытындысы бойынша Д. Қамбарова байқаудың финалына жолдама алды.


Күндізгі турда конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар бір минут ішінде ағылшын тілінде спонтанды монолог сөйлеу дағдыларын көрсетті. Байқауға қатысушылардың өнерін ағылшын тілінде іскерлік коммуникация саласындағы бизнес өкілдері мен сарапшылардан тұратын қазылар алқасы бағалады.





Қорытынды тапсырманы орындауға 14 жоғары оқу орнынан келген 46 өкіл қатысып, қорытындысы бойынша ММУ Қазақстан филиалының студенті Д. Қамбарова жеңімпаз атанды.

Байқаудағы жеңісіңізбен құттықтаймыз және барлық бастамаларыңызға одан әрі табыс тілейміз!

Дереккөз: https://www.econ.msu.ru/departments/fl/News.20230225200708_4547/