М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы «Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері» жаңа магистрлік бағдарламасын ашады.
Бағдарламаның өзіндік ерекшелігі – математикалық модельдеу әдістерін, заманауи есептеу технологияларын және машиналық оқыту алгоритмдері мен деректерді талдау әдістерінің үйлестірілуі, бұл бағыт бағдарлама түлектеріне жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып түрлі модельдерді құрудың тиімді әдістерін табуға және оларды жоғары өнімді есептеуіш жүйелерде іске асыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны меңгеру математикалық және сандық талдау саласындағы білімді тереңдетеі және бағдарламалау дағдыларын дамытады.
Түлектер жаратылыстану ғылымынан бастап экономикалық және әлеуметтік процестерге дейін әртүрлі процестерді зерттеу негізінде, заманауи математиканы пайдалана отырып, математикалық және есептеу тұрғысынан дұрыс модельдер құруға қабілетті болады.
Бағдарлама ММУ есептеу математикасы және кибернетика факультетінің соңғы жылдары жинақтаған үлкен әдістемелік және практикалық тәжірибесі негізінде жүзеге асырылады. https://cs.msu.ru
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі - физика-математика ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ есептеу математикасы және кибернетика факультетінің профессоры Шишкин Алексей Геннадьевич.