Конференцияға қатысушыларды ММУ ректоры, академик Виктор Садовничий құттықтады. Қатысушыларға құттықтауларын Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жолдады. Сондай-ақ, Россотрудничество басшысының орынбасары Алексей Полковников құттықтау сөз сөйледі.
ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор Александр Сидорович Пленарлық мәжілісте сөйлеген сөзінде «Бүгінде Қазақстанның игілігі үшін табысты еңбек етіп жүрген ММУ Қазақстан филиалының көптеген түлектері еңбек жолын университеттегі осы «Ломоносов» конференциясынан бастағанынн ерекше атап өтті.
«Ал олардың көпшілігі студенттік шақтан бастап ғылымға қызығушылық танытып, «Ломоносов» халықаралық конференциясына қатысып, оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері атануы арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, кандидаттық диссертацияларын қорғады. Биыл біз он сегізінші конференцияны өткізіп отырмыз, бұл ғылым мен Мәскеу университеті» деген сөздердің біріктіретін ұлы істің жалғасы болып табылады», - деді Александр Сидорович.
Өз сөзінде ол сонымен қатар филиалды дамыту жоспарларымен бөлісіп, соның бір үлгісі ретіндегі жаңа деңгейдегі жасанды интеллект бағдарламаларын құра алатын мамандарды дайындау үшін «Есептеу технологиялары мен жасанды интеллект әдістері» бағытындағы магистратура ашылатыны туралы тоқталып өтті. Сондай-ақ өңірлерді төмен көмірсутекті дамыту бағдарламасы ашылуы, сонымен бірге Мәскеу университетінің Жоғары аударма мектебімен бірлесіп бағдарлама ашу жоспарланып отырғаны туралы атап өтті.
Конференцияның ашылу рәсіміне ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі, Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің бақылау кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев, ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі, Мәскеу университеті магистратурасының түлегі Евгений Кочетов қатысты.
Жаксыбек Кулекеев
Конференцияның пленарлық отырысындағы баяндамасында Жақсыбек Құлекеев Мәскеу университетінің орнын "ММУ Қазақстан филиалының қалыптасуының арқасында бүгінде біз Мәскеу университетінің зияткерлік әлеуетін пайдалануға мүмкіндік алдық. Олар - еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін Қазақстан филиалы дайындап жатқан мамандар», - деп ерекше атап өтті.
Сондай-ақ конференцияда математика, қолданбалы математика, экономика, филология, экология және табиғатты пайдалану бойынша республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының бірінші турының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған студенттерге дипломдар табыс етілді.
«Ломоносов-2023» конеренциясының секцияларында іргелі математиканың заманауи мәселелеріне, математикалық модельдеу және ақпараттық технологияларға, 21 ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында қазіргі экономикалық ғылымның даму тенденцияларына, Қазақстанның облыстары мен қалаларының дамуының геоэкологиялық мәселелеріне арналған, Еуразия әлемінің тарихы, мәдениеті мен құндылықтары, филология ғылымының өзекті мәселелері бойынша 250-ден астам баяндама тыңдалады. Жеңімпаздар сертификаттармен және дипломдармен марапатталады.
Атап өтетін мәселе, осынау конференция Мәскеу мемлекеттік университетінде өткізілетін «Ломоносов» халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылатындығы. Қазақстан филиалында 2005 жылдан бері он жеті конференция өткізілген болатын, оларға 6,5 мыңнан астам адам қатысты, 800-ден астам жас ғалымдар жүлде алып, жеңімпаз атанды. Осы жылдар ішінде 150-ден астам жоғары оқу орындарының, атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстанның, Ұлыбритания, Германия, Қытай, АҚШ, Түркия, Франция университеттерінің өкілдері қатысып, конференцияда баяндамалар жасады.
>>> Фотогалерея