2023 жылғы 20 сәуір күні филология бағытының бірінші және екінші курс студенттері белгілі жазушы, журналист, тележүргізуші және қоғам қайраткері Сергей Шаргуновпен болған шығармашылық кездесуге қатысты. Іс-шараны ТМД-дағы орыс тілі жылы аясында Россотрудничество өкілдігі мен М.В. Ломоносов атындағы Қазақстан филиалы Ресейдің Цифрлық даму, коммуникациялар және бұқаралық ақпарат министрлігінің Ресей кітап одағының қолдауымен өткізді.
Сергей Шаргунов – жазушы, журналист, «Россия 24» арнасындағы «Он екі» және «Мәдениет» арнасындағы «Ашық кітап» бағдарламасының радио және тележүргізушісі, Ресей Жазушылар мен баспагерлер одақтары қауымдастығының төрағасы, «Юность» журналының бас редакторы. Жазушы сонымен бірге Бүкілресейлік «Дебют» әдеби сыйлығының (2001), әдебиет және өнер саласындағы Мәскеу мемлекеттік сыйлығының (2003), «Эврика» сыйлығының (2005), «Мәскеу-Пенне» халықаралық әдеби сыйлығының (2014), Горький атындағы әдеби сыйлықтың (2015), Бүкілресейлік «Александр Невский» тарихи-әдеби сыйлығының (2016), «Катаев. Мәңгілік көктемге ұмтылу» кітабы үшін «Үлкен кітап» сыйлығы, «Свои» кітабы үшін «Көркем проза» номинациясындағы Николай Лесков атындағы Бүкілресейлік әдеби сыйлықтың және т.б. әдеби сыйлықтардың лауреаты болып табылады.
Студенттермен кездесуді аша отырып, Сергей Шаргунов заманауи жаңа әдебиеттің негізгі бағыттарына қысқаша тоқталды, шығармаларын оқу керек деп санайтын жазушылардың есімдерін атап өтті. Олардың қатарында Евгений Вололазкин, Алексей Варламов, Юрий Трифонов, Юрий Казаков, Владимир Крупин, Роман Сенчин, Андрей Геласимов, Ольга Славникова, Марина Степнова сияқты атақты жазушылар мен 30 жастағы қаламгерлер буыны бар.
Жазушының студенттерге айтқан ойының өзегі әдеби ортаны, жазушылар одақтарын, жас қаламгерлерді қолдау, қалың әдеби журналдарды сақтау, қолөнер шеберлігін қалыптастыру, қаламгерлердің жаңа буындарын үйрету және оларға қамқорлық көрсету, ұлттық әдебиеттерді аудару, оқырмандармен кездесу, орыс тілі мен әдебиетін қолдау мәселелеріне қатысты болды.
Әрине, сттуденттерге салсаң, олар барлығын білгісі келеді, олар үшін бәрі де қызықты, яғни жазушының балалық және жастық шағы қалай өтті, шығармашылық кезеңнің ерекшеліктері, «Юность» журналындағы жұмысы, әлеуметтік желілерге деген көзқарасы қандай т.б. Студенттер өздері оқыған кітаптары туралы сұрақтар қойды. Әдеби клубтың төрайымы Диана Костишина өзін қызықтырған «Свои» автобиографиялық кітабының негізгі идеясы туралы айтса, бірінші курс студенттері Константин Шевченко, Ева Охман және Ксения Овчинникова жазушының Валентин Катаев туралы кітабының және «1993» романының экзистенциалды және дүниетанымдық мәніне қызығушылық білдірді, Егор Дуцинин әдеби ертегілерге деген қатынасы туралы ойын айтты.
Жазушы қазіргі «Юность» журналының жаңа келбеттегі (дәстүр мен заманауи үйлесім бойынша), заманауи сайты бар, өзіндік орны бар және өте жас қаламгерлер екенін айтты.
Студенттер Сергей Шаргуновтың жаңа роман жазғаны туралы тыңдап, бірақ оның аты да қызықты болатынын, режиссер Александр Велединскийдің «1993» романы бойынша жақын арада экранға шығатын кино түсіргені өте қызықтырды.
Ең бастысы, заманауи жазушының ұстанымы – әлем мен адамдарға көмектесу және ашық болу!
Сергей Шаргунов осынау кездесудің соңында филология кафедрасына және көптеген студенттерге өз кітаптарын тарту етті.
Мәтін: Филология кафедрасы
Фото: Астана. «Русский дом».