«Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Баева Юлия Владимировна 26 сәуірде Алматыда өткен «Ақша-несие саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шындықтың сын-қатерлері» атты конференцияға қатысты.
Конференцияның жұмысына экономика және қаржы саласының тәуелсіз сарапшылары, Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері, сондай-ақ академиялық қауымдастықтың, ғылыми орталықтардың, қаржылық және халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Конференцияда ақша-несие саясатының ұзақ мерзімді стратегиясы, жаһандық трендтер және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге ықпал ету мәселелері, ақша-несие, бюджеттік және макропруденциалдық саясаттардың Қазақстандағы өзара әрекеті талқыланды.
Ю.В. Баева «Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестердің ішкі факторлары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндаманы дайындауға АERC қолданбалы зерттеулер бөлімінің консультанты, филиал түлегі Пак Евгения Александровна және «Экономика» бағытының 4 курс студенті Агеева Валерия Сергеевна қатысқан еді.
Баяндама барысында Қазақстандағы қазіргі инфляциялық процестердің себептері мен олардың табиғаты туралы талдаулар жасалынды. Авторлардың пайымдауынша, қазіргі жағдайда экономикалық белсенділіктің төмендеуін монетарлық шаралар есебінен шектеу бағаның өсу қарқынын төмендету үшін және қазіргі уақытта да, болашақта да сыртқы күйзелістерді жою үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Қуаттарды толық жүктемеде пайдаланбау жағдайында ішкі ұсыныстардың өсуіне жол ашу керек.
Конференцияға қатысуға шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
Фото: экономика кафедрасы