05.05.2023

Жеңіс күні



2023 жылғы 5 мамырда ММУ Қазақстан филиалында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт болып өтті. Іс-шараға Филиалдың студенттері, оқытушылары мен филиал қызметкерлері қатысты.




Салтанатты концерт басталмас бұрын Отан қорғау жолында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.




Жиналғандарға арнап М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович кіріспе сөз сөйледі. «Біз бүгін осынау Ұлы Жеңіс күніне байланысты бас қосып отырмыз. Бұл күн ерекше қуаныш көз жасымен тойланатын мереке болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдары – халықтарымызды майдан даласында біріктірген үлкен сынақ жылдары болғаны белгілі. Сол сынақтан орыстар мен қазақтар, өзбектер мен украиндар, белорустар мен түркімендер, барлық халықтар мен ұлыстар бірге шайқасты. Бүгінгі бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызды қадірлеу үшін сол сұрапыл күндерді ұмытпау керек. Стуенттеріміз бен магистранттарымыздың қолынан жазылып шыққан «Соғыс туралы естелік кітабы» Филиалымыздың тарихына еніп, шәкірттеріміздің сонау Ұлы Жеңісті жақындатқан қаһармандарды еске алуы мақтаныш сезімі мен қуаныш сезімін оятты. Ендігі уақытта біздің алдымызда бабаларымыз бен аталарымыз соғысқан мұраттарды еске алу арқылы ақтау міндеті тұр», - деп атап өтті Александр Владимирович.


Ұлы Отан соғысы жылдарында бір миллионнан астам қазақстандық әскер қатарына шақырылды, олардың алты жүз мыңнан астамы майдан даласында қаза тапты. Қазақстан жауынгерлері Ұлы Отан соғысы жылдарындағы барлық шайқастарға қатысты. Қазақстаннан шыққан жүз мыңнан астам жауынгер жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды, бес жүзден астам адам Батыр атағын алды. Қазақстанның ақын-жазушылары халықтың соғыстағы ерен ерлігін дәріптеді; олардың ел арасына тараған көркем туындылары елдің мәдениеті мен тарихының парақтарынан мәңгі орнын алды.





Концерттің алғашқы нөмері «Қолданбалы математика және информатика» мамандығының 1 курс студенті Владислав Власенконың өнер көрсетуімен басталды. Ол ұлы импровизатор ақын Жамбыл Жабаевтың қоршауда қалған 1941–1944 жылдардағы блокаданың сұрапыл сынақтарынан аман өткен ленинградтықтарға арналған «Ленинградтық өренім» өлеңін ерекше мәнерлеп оқып берді.



«Филология» бағытының 1-курс студенттерінен құралған «Берегиня» фольклорлық ансамблі орындаған «Землянка» әні тыңдаушыларды сол бір ауыр жылдардың елесін көрсетіп өткендей болды. Бұл ән барлық майдангерлердің Жеңісті күте жүріп соғысып айтқан әндерінің қатарында болатын.




«Филология» мамандығының 1 курс студенті Алина Мұқаева соғыста фашистердің қолынан қазақ болған балалардың рухына тағзым ретінде жазылған Мұса Жалилдің «Чулочки» өлеңін оқыды.




Сұрапыл соғыс бейбіт те тыныш өмірді бұзғаны белгілі. «Экономика» бағытының 1 курс студенттері шайқастар арасында сәл тыныстаған минуттарында майданнан үйлеріне хат жазып, тоқтап тұрған жауынгерлердің бейнесін сахналап көрсетті. Әрине, өкінішке орай, майданнан келген хаттардың бәрі бірдей қуаныш пен үміт әкелмегені белгілі. Сахнаның басты кейіпкері пошташы қыз еді, ол үйлерге қиын хабарлар әкелуге де мәжбүр болды.




Ұлы Отан соғысының жаңғырыңы аяқталғалы да ондаған жылдар өтті, бірақ соғыс жылдарында жасалған ерлік уақыт өтсе де ел жадында сақталады. «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс студенттері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шайқас даласында мәңгілік қалған майдандас достарын еске салатын, өздерінің жанжүрек әуеніне айналған «Тырналар» әнін шырқады.


        


Майдангер-ақындардың өлеңдері – соғыс жылдарындағы шығармашылықтың ерекше бір туындылары. «Филология» бағытының 1 курс студенті Ева Охман ақын Ю. Друнинаның «Менің тегім балалық шақтан емес еді...» өлеңін оқып берді.


        


Әннің құдіреттілігі тіпті сұрапыл соғыс жылдарында да адамдардың қандай қиындықтарды басынан өткергеніне қарамастан, жаңа ұрпақтың жарқын болашағына сенуге көмектесуінде еді. Сондай әндердің ішінде «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 1 курс студенттерінің орындауындағы «Смуглянка» әнінің орны ерекше.


        


Салатанатты концерттің ерекше бір қызықты тұсы «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 1 курс студенттерінің көрсеткен өнер туындысы болды. Олар Мәскеу университетінің студенттері мен оқытушыларының Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан зор үлесі туралы, МММУ-дің айбынды армия құрудағы шешуші рөлі туралы айтты.




«Офицерлер» фильміндегі «Өткен замандардың қаһармандарынан» шумақтарымен таныс «Мәңгілік алау» әнін «Берегиня» ансамблінің орындап, есімдері естен кетсе де, ерліктері өшпейтін тұлғаларға арнады.






Жеңіс күні – ерекше күн, бүтін бір ұрпақтың қиын-қыстау кезеңде елін қорғаған ерлігін еске алатын Ұлы күн. Салтанатты концерттің соңы «Жеңіс күні» әнін орындаумен ұласты.






Филиал директорының ғылыми жұмыс және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раушан Жабайханқызы Әбділдина студенттерге соғыс жылдарындағы шығармаларды шын жүректен орындағаны үшін, жаңа ұрпақ ретінде жүректерінде сақталып келе жатқан естеліктері үшін алғысын білдірді. Раушан Жабайханқызы сонымен қатар «Соғыс туралы естелік кітабының» екінші шығарылымын таныстырды.


Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!


Фото: Арыстан Шукенов (Фотогалерея)