М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.05.2023

Жеңіс күніне арналған эстафета


2023 жылғы 4 мамырда Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының Триатлон паркінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері арасында дәстүрлі эстафета болып өтті.




Эстафетаға 10 команда қатысты, оның құрамында Филиалдың барлық дайындық бағыттарында оқитын 1 және 2 курс студенттері болды. Әр факультет өз командасын таныстырып, құрамындағы 5 ең белсенді және спортшы жігіттер мен қыздардың өз өнерін көрсетіп, ептіліктері мен жылдамдығын паш еткісі келетіндіктерін қуана хабарлады.




Эстафетаның тұсауын кескен Филиалдың аға оқытушысы И.И. Лиховец жарыстың негізгі ережелері мен тәртібін түсіндіріп, барлық қатысушыларға алдағы жарыста сәттілік тіледі.


Ең алдымен, топ басшылары қатысушыларды жеребе арқылы бәйге нөмірлеріне қарай бөлді. Эстафетаның жалпы ұзындығы 1000 метрді құрады, қашықтық 10 кезеңге бөлінді. Ол кезеңнің әрбірінде барлығынан озуға тырысып, жүз метрге жүгіруге дайын тұрған, бір-бір команда өкілдері болды. Команда өкілі өз жолын жүгіріп өтіп, эстафетаны келесі кезеңде тұрған өз командасының мүшесіне беруі керек. Әрине, бұл жерде ең бастысы, таяқшаны жерге түсіріп алмау және ағып өтіп бара жатқан уақыттыың бір сәтін де жоғалтпау еді!








Эстафетаға қатысқан командалардың барлығы да жеңіс тұғырына шығуға лайық болды. Барлық 10 команданың қатысушылары қалаған нәтижеге жету үшін бар күштері мен жігерін салды. Әрбір қатысушы өз командасының бір кірпішіндей сезініп, тұтастықтың күшін сезінді.


Эстафеталық сайыс қорытындысы бойынша тату және ұйымшылдығымен ерекше көзге түскен команда - 2 курста оқитын «Қолданбалы математика және информатика» бағытын командасы болды, оларға І орын берілді! Ал 1 курста оқитын «Экономика» бағытының студенттер командасы ІІ орынды иеленді! «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 1 курс командасы ІІІ орынды иеленді!


Эстафета жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта спорттық табыстар тілейміз!


Фото: Арыстан Шукенов (Фотогалерея)

Видео: Бауыржан Туйбеков


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.