2015 жылдың 14 мамырында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы экономика факультетінің 3-курсында «Қаржылық нарықтар» курсының орайында "Al hilal Bank" банкісінің өңірлік директоры Жақсылық Жұмановпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қаржылық қатынастардың белсенді дамып келе жатқан жаңа бағыты ретіндегі ислам қаражатының қызмет ету ерекшеліктері егжей-тегжейлі қарастырылды. Мейман студенттерге ислам банкілері дамуының әлемдік үрдістері мен олардың қазіргі қаржылық қатынастардағы рөлі туралы баяндап берді.
Қазақстандағы ислам банкісінің алғашқы филиалы ретінде 2010 ашылған "Al hilal Bank" банкісі тәжрибесіне сүйене отырып, Қазақстандағы ислам банкингі дамуының болашағы мен проблемалары талқыланды.
Іс-шара барысында сұрақтар көп қойылды. Ж.Жұманов талқылауда зор қызығушылық көрсеткен студенттердің белсенділігін дәріптеді.
Мәтін: Ольга Кузьмук