М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
16.05.2023

«Соғыс туралы естелік кітабының» екінші басылымы жарық көрді




Жеңіс күні қарсаңында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы «Соғыс туралы естелік кітабының» 2-ші басылымын шығарды, онда бірінші кітаптағыдай Филиал студенттері мен магистранттары өздерінің туған-туыстары мен жақындары, жерлестері туралы, олардың Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы, майдан даласында ерлік көрсетіп, тылда аянбай еңбек еткендері туралы баяндады.




Ұлы Отан соғысындағы жеңіс өркениеттің болмысын танытатын ізгілік құндылықтардың жойылуына қарсы адамдардың көрсеткен шексіз күшті табандылығының, батылдығының, жанқиярлығының дәлелі ретінде болды және болып қала береді. Ұлы Жеңіс туралы естелік – қанша қырғын болса да батырлықпен қол жеткізілген ерлік сабақтары, Отанды қорғаудың ортақ қасиетті борышы жолындағы халықтардың бірлігі мен достығының сабақтары.


«Соғыс туралы естелік кітабының» жарыққа шығуы қазіргі уақытта олардың арқасында өмір сүріп жатқан, білім алып, еңбек етіп, армандап, бейбіт, жарқын өмірімізді құрып жатқан барша жандардың шексіз алғысының көрінісі.


Фото: К.С. Байрактар





© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.