16.05.2023

Филиалда «Филология: орыс тілі» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада болып өтті



2023 жылғы 3-5 мамыр күндері Филиал қабырғасында 5В020500 «Филология: орыс тілі» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиада ТМД елдеріндегі ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі орыс тілі Жылына арналды.




Олимпиадаға Қазақстандағы алты жоғары оқу орнының командалары қатысты:


1. «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ.;


2. М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ.;


3. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана;


4. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.;


5. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.;


6. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы, Астана қ.


ММУ Қазақстан филиалының командасы Олимпиадаға конкурстан тыс қатысты.




Олимпиадаға қатысушыларды ММУ Қазақстан филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тамара Григорьевна Котлярова құттықтады. Ол өз сөзінде «Филология: орыс тілі» мамандығы бойынша пәндік олимпиаданың орыс тілін дамиытуға және сақтауға арналады және сонымен бірге, ХХІ ғасырдың білімді адамдарын тәрбиелеуді мақсат етеді және орыс тілі тек Ресейді ғана емес, Еуразиялық кеңістікті және халықаралық кеңістікті де қамтиды деп атап өтті.




Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру үшін Филиал директоры, ММУ құрметті профессоры А.В. Сидоровичтің төрағалығымен Ұйымдастыру комитеті құрылған болатын. Ұйымдастыру комитетінің жұмысына филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.И. Власова жетекшілік етті. Филология кафедрасының мамандары, әдістемелік комиссия мүшелері Г.И. Власова, Т.В. Кривощапова, М.А. Брянская, А.М. Чепкова мен Е.С. Воронова. Олимпиада тапсырмаларын дайындап, олимпиада жұмыстарын тексерді.








Олимпиада бағдарламасында үш тур белгіленген болатын, солардың аясында қатысушылар орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша тапсырмаларды орындады, сонымен қатар шығармашылық сайыста өз командаларын көпшілік алдында таныстырды.


Олимпиада аясында студенттік командалардың жетекшілеріне арналған ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды. Оны Г.И. Власова мен М.А. Брянская өткізді. Г.И. Власова басқа оқу орындарынан келген әріптестеріне Қазақстан филиалындағы бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Осыдан соң «Қазақстандағы қазіргі орыс прозасындағы повесть жанры» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. М.А. Брянская лингвомәдениеттану бойынша семинар өткізіп, әріптестерімен осы бағытта қызықты әдістемелік әзірлемелерімен бөлісті.









5 мамыр күні Олимпиада салатанатты түрде жабылып, қорытындылары шығарылды. Жеке есеп бойынша бірінші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Айтжанова Жанна Зукарнайқызы жеңіп алды. Екінші орын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Шулепова Любовь Александровнаға және «Торайғыров университеті» КЕАҚ студенті Шевелева Арина Александровнаға берілді. Үшінші орын «Торайғыров университеті» КЕАҚ студенті Сабина Мейрамқызы Смағұловаға және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Анастасия Дмитриевна Мельниковаға берілді.






Командалық есепте бірінші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы жеңіп алды. Екінші орынды Еуразия ұлттық университеті мен Торайғыров университетінің командалары өзара бөлісті. Үшінші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетнің командалары бөлісті.








Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады, олимпиадаға қатысушылардың барлығы шығармашылық байқауға қатысқаны үшін гармоталармен марапатталды. Олимпиадаға қатысушылар Филиалымыздың осынау іс-шараны тамаша ұйымдастырғаны үшін және жылы қарсы алғаны үшін өз алғыстарын білдірді.


Фото: Е.С. Воронова, К.С. Байрактар