2023 жылғы 4-5 мамыр күндері М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында 6В05401 «Математика» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға еліміздің 7 жоғары оқу орнынан, атап айтқанда, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінен, Қазақ-Британ техникалық университетінен, Сулейман Демирел атындағы университеттен, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалынан, 25 студент қатысты.
Қатысушыларға алгебрадан, аналитикалық геометриядан, математикалық талдаудан және ықтималдықтар теориясынан 7 есеп ұсынылды.
Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді.
Жеке ұпай:
1 орын – Тюленев Леонид (Қазақстан филиалы, 59 балл);
2 орын – Даминов Арслан (Қазақ-Британ техникалық университеті, 34 балл);
3 орын – Әбітаев Әділсамат (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, 23 балл);
3 орын – Бауыржан Тұтқышев (Қазақстан филиалы, 21 балл);
3 орын – Жарқынбек Ескендір (Қазақ-Британ техникалық университеті, 20 балл).
Табысты қатысқандары үшін грамотамен марапатталғандар:
Чакмак Ясин (С. Демирел атындағы университет);
Денисов Филипп (Қазақстан филиалы);
Құрманбек Бексұлтан (Қазақ-Британ техникалық университеті, 13 балл);
Қайыржанов Мейіржан (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті);
Баймұханбет Нариман (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті);
Сапыбек Дінмұхамед (С. Демирел атындағы университет).
Командалық ұпай:
1 орын – М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Қазақстан филиалы (Филипп Денисов, Бауыржан Тұтқышев, Леонид Тюленев, 94 балл);
2 орын – Қазақ-Британ техникалық университеті (Құрманбек Бексұлтан, Даминов Арслан, Жарқынбек Ескендір, 67 балл);
3 орын – Сулейман Демирел атындағы университет (Сапыбек Дінмұхамед, Қиматов Сұлтан, Чакмак Ясин, 31 балл).
Табысты қатысқандары үшін грамотамен марапатталғандар:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Абдурахманов Элдуз, Баймұханбет Нариман, Қайыржанов Мейіржан);
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. (Асқар Асанов, Нұрбол Келдібеков, Әділсамат Әбітаев).
Белсенді қатысқандары үшін грамотамен марапатталғандар:
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Әбдішев Айсұлтан, Мұсабаева Даяна, Салиман Темірлан);
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Данабеков Нұрғали, Умаров Ғалымжан, Абдувалиев Жамшид).
Олимпиадаға қатысушыларға шығармашылық табыс және одан әрі жетістіктерге жете беруін тілейміз!
Мәтін: іргелі және қолданбалы математика кафедрасы
Фото: Л.В. Шайдурова, К.С. Байрактар